Тарихымызда қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алатын қаламгерлер аз болмады. Олар өз шығармаларымен халықтың сол кездегі жай-күйін баяндап, елдің қамын жеген. Соның салдарынан көп қаламгерімізге "халық жауы" деген жала жабылып, ату жазасына кесілген еді.
Бүгінде сол ақын-жазушылардың есімдері ақталып, түрлі оқулықтарда өмірлері мен шығармалары жиі жазылып жүр. Сондай-ақ, олардың жолын жалғастырып, қазақ әдебиетінің "бүгініне" айналған қаламгерлер біршама.
Тengrinews.kz тілшісі қазақ әдебиеті жайлы тесттен өтіп, өз біліміңізді сынап көруді ұсынады.
//Осы тест арқылы Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясының "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасы басталғанын хабарлаймыз. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты – қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру.