- Негізгі бет
- Жаднама
- Қатыгездік әке-шешеден беріледі...
Қатыгездік әке-шешеден беріледі
Фото:
ya-roditel
Британия ғалымдары қатыгездік пен қорқақтық секілді рухани дерттердің де тұқым қуалайтынын анықтады.
Клиникалық орталық қызметкерлері жеке адамның бойындағы үрей мен оның ашушаң мінезі текке байланысты деген тұжырым жасады, деп жазады «Сегодня» басылымы.
Букингем университетінің зерттеушілері адам бойындағы қорқыныш пен мейірімсіздік тұқым қуалайтын қасиет екеніне әбден көз жеткізіп отыр.
Психологтар осындай ер адамдар мен әйелдер өз тәртібін қадағалап, мінезімен жұмыс істеуі тиіс деп есептейді.
Дәрігерлер бұл жаңалық адамның психикалық ауруын зерттеу жолында жасалған тағы бір нақты қадам деп отыр.
Дереккөз: Қазинформ
С. Ерсін