Қателестің...

Қателестің...
Фото: vatolin.info

Қоғам болғаннан кейін түрлі жағдай орын алады. Адам болып жаралған соң қателік жасауға тура келеді. Бірақ қателіктің соңы сабақ болуы да керек. Яғни істеген ісіңізден сабақ алыңыз, екінші рет қайталамауға тырысыңыз. Бұл өмірлік тәжірибе ретінде қалыптасады.
Жас дос, дәл қазір санаңда орын алып жатқан түрлі жағдай сені тығыраққа тіреуі мүмкін. Тіпті түңілуге де апарады. Бірақ...

Бір рет жасып қалдым деп, өмірге налып, әрбір істеген ісіңнен нәтиже таба алмадым деп қашып жүрсең қателестің!
Қайта тұруға мүмкіндігің бар. 

"Күнделікті қарапайым сабағыңа дайындала алмадым, бәрі бітті, енді «5» дейтін бағаны ала алмаймын, «қызыл» қағазға да қолым жетпейтін болды" десең, қателестің! 
«5» пен «қызыл» қағаз білімнің өлшемі емес. 

"Мен жұмыс істеуден шаршадым, жұмысымның жемісін көре алмадым, жұмыс істеудің ешқандай мәні жоқ" десең, қателестің! 
Еңбек түбі – береке. 

"Менен асқан бай жоқ, байлықтың астында жүрмін, нені қалаймын соны жасай аламын, бәрінің жауабы ақша" десең, қателестің! 
Қасықтап жинаған дүниенің шелек болып төгілетінін де ұмытпа. 

"Кедеймін, жарлы болып күн кештім, өмірдің не мәні қалды, бай болып жарымадым, ақшасыз қалай күн көремін, бүкіл дүниенің кілті ақшада екен ғой" десең, қателестің! 
Он екі мүшең сау тұрса, кедейліктің кебін киген өзің. 

"Мен мына есептің жауабын таба алмадым, тіпті мүмкін емес, мұндай есепті шығару үшін ғалым не Эйнштейн болу керек қой" десең, қателестің! 
Әлемде жауабы жоқ жеті-ақ есеп бар. 

"Келешектен үмітімді үздім, бүгінгі күніме қарап болашақтан ештеңе күтпеймін, болашақ мен үшін жоқ" десең, қателестің! 
Болашақ еш жерде жазылмаған. Ол сенің қолыңда. 

"Қарным аш, үйде жейтін ештеңе жоқ, мен шығыстың тамақтарын жегім келеді, оларға қолым қашан жетер екен" десең, қателесің! 
Қара нан мен қара суға зар болып жүрген жандар бар. 

"Махаббат жоқ, ол өлген, бәрі алдамшы, қыздың бәрі немесе жігіттің бәрі бірдей, өмір бойы қу тіземді құшақтап өтемін" десең, қателестің!
Сені күтіп отырған біреу бар. Маңдайыңа жазылған. 

"Ата-анамнан шаршадым, осылардың-ақ ұрысы басымды қатырып бітті, мен өзімді осы үйде өгей сезінемін" десең, қателестің! 
Ата-ананың алақанын аңсап жүргендер бар...

"Мен қателік жасадым, енді оны орнына қайтара алмаймын, мені кешірмейді, қателігім үшін өмір бойы өкініп өтетін болдым "десең, қателестің! 
Қателік – сабақ!

М. Ақан