- Негізгі бет
- Жаднама
- Кәсіпкер Ричард Брэнсонның...
Кәсіпкер Ричард Брэнсонның айтқан сөздері #2
1. Кәсіпкер сәтсіздікті өмір үйреткен қате сабақ деп түсінбеуі тиіс. Бұл да сабақтың бір түрі, тек өзгеше тәсілмен түсіндіріледі.
2. Табыс өздігінен келмейді. Оны шақыру үшін біраз жұмыс істеу керек.
3. Бір іс маған қуаныш сыйламаған кезде, өміріме өзгеріс енгізу керектігі туралы ойланамын. Өмір біз ойлағаннан да қысқа.
4. Мен еш уақытта «Мұны жасай алмаймын» деп айтпаймын. Себебі мұның қалай жасалатынын білмеймін. Мен әрдайым тырысып бағамын. Және ақымақ ережелерге бола тоқтап қалмаймын.
5. Менің ұраным: көңілді өмір сүр, ақша өздігінен келеді.
6. Өмірде әрдайым бір нәрсені жоғалтасың, бір нәрсеге қол жеткізесің. Ұтысқа ие болған кезде қуан. Ал бір нәрсені жоғалтқан жағдайда қайғырма. Өткен шаққа қарап алаңдама. Оны бәрібір өзгерте алмайсың. Бірақ өткен шақтағы қателіктерге мән берген жөн.
7. Егер сіз бір бизнес ашып, менен ақыл сұрасаңыз: «Кез келген келісімшартқа отырған кезде адалдық таныт» деп айтар едім.
8. Мен бәрінен бұрын біреуге берген уәдемде тұрып үйренгім келеді.
9. Бизнесте адамгершілік деген құлаққа жауыр болып кеткен жәй сөз емес. Онда мағына бар.
10. Бизнес адамдардың өмірін жақсарту үшін ғана жасалуы тиіс.
11. Дұшпандарыңызбен достасыңыз. Бұл - бизнес пен өмірдің алтын ережесі.
12. Бір ғана табыс сізді өмір бойы асырайды деп ойламаңыз.
13. Өзіңізді қалай жақсы көрсеңіз, адамдарға да солай қарағаныңыз абзал.
14. Нағыз көшбасшылық шешімнің қабылдану себебін асықпай, ұғынықты етіп жеткізуде.
15. Ақша – табыстың жаман көрсеткіші. Ал сөздер одан да жаман.
16. Егер сізге неге сенесіз деп сұрасаңыз, мен отбасыма деп жауап қайтарамын.
17. Мен бақытты адаммын. Мен үнемі күліп жүремін. Мен адамдарды, өмірді, қалжыңды жақсы көремін. Мен күлкінің жанға саулық сыйлайтынына сенемін.
18. Менің оқиғам тек өзіме ғана тиесілі.
9. Мен құламайынша тоқтамаймын деп ойлаймын.
20. Мен өмірде қолдан келмейтін іс жоқ екеніне сенімдімін.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: fashion.ru
Қ. Бүйенбай