- Негізгі бет
- Жаднама
- Қашықтан жұмыс істегенде...
Қашықтан жұмыс істегенде ескеретін 40 жағдай
Ерте ме, кеш пе қашықтан жұмыс істеу туралы бәрі ойлана бастайды. Біреуге жұмыс кестесі ыңғайсыз, біреудің метро мен автобустан ығыры шығады, ал біреу бірқалыпты жұмыс орнынан шаршай бастайды. Кортни Сейтер Buffer компаниясында осымен 4 жыл қашықтан жұмыс істеп келеді. Ол 4 жылдық тәжірибесін 40 тезиске сыйдырыпты. Massaget редакциясы Кортни Сейтердің көрген-білгенін аударып, назарыңызға ұсынады.
1. Сіз 10 есе өнімді жұмыс істейсіз.
2. Қашықтан жұмыс істеу көп адамға жағады.
3. Егер сіз өз компанияңызды жартылай қашықтан жұмыс істейтіндей етіп құрсаңыз, барлық қызметкердің ұжым мүшесі екенін сездіретін жағдай жасаңыз. Кеңседе болмағаныңнан өзіңді "екінші сұрыптың адамы" сезіну онша жағымды емес.
4. Сізге таңғы және кешкі рәсім керек болады. Мысалы жаттығу жасау, гүлге су құю. Сол арқылы жұмыстың басталып аяқталғанын ағзаңызға, миыңызға білдіресіз.
5. Егер қашықтан жұмыс істейтін сенімді адам алсаңыз, оның расымен жұмыс істеп жатқанына күдіктенбеңіз.
6. Көп адам қашықтан жұмыс істеу өзіне қолайлы-қолайсыз екенін бірден сезеді. Мысалы сізде: "Мен үйде жұмыс істесем, күні бойы теледидар көріп шығатын шығармын" деген ой болса, бұл – сіздікі емес.
7. Қашықтан жұмыс істеу – интроверттер үшін таптырмас өте жақсы формат.
8. Экстраверттер үшін де.
9. Жұмыс соңында компьютерді өшіру керек. Жұмыс ешқайда қашпайды.
10. Ереже оған бағынуға бейім болсаңыз ғана жұмыс істейді. Мысалы көбі үйде жұмыс істегенде кеңседе киетін киімді киіп отыруға кеңес береді. Әдетте бұл ереже 5-6 күннен кейін бұзылады.
11. Отбасыңыз бен үй жануарлары сіздің үйде болғаныңызға сізден қаттырақ қуанады.
12. Кеңсеге бару – жұмыс сапасының көрсеткіші емес.
13. Қашықтан жұмыс істегенде сыртқа қалаған уақытыңызда шыға аласыз.
14. Кінәлау сезімімен үнемі күресу – қашықтан жұмыс істеудің басты құпиясы.
15. Анда-санда Slack-ты (немесе өз командаңыз қолданатын басқа мессенджер) өшіріп қойыңыз.
16. Wi-Fi жұмысыңызды өрге сүйреп немесе мүлде кері тартуы мүмкін. Интернетіңіз қалай жұмыс істеп тұрғанын жиі тексеріп тұрыңыз.
17. Үйде тек жұмысқа арналған бөлек орын болғаны дұрыс.
18. Тамақ тасудың, сыртқа шығудың қажеті жоқ.
19. Егер көп тамақ істеп қойып, оны кеңсеге апаруға болмаса, тоңазытқышқа салып қойыңыз.
20. Жұмысқа физикалық түрде қатысуды алмасытыратын ештеңе ойлап табылған жоқ, бірақ кей-кейде ұжыммен бірге болған өте пайдалы.
21. Жаттығуға арналған киімді күнде және күні бойы киіп жүре беруге болады.
22. Терезеңіздің арғы бетінде табиғат болса тіпті жақсы. Кейде көңіл сергітіп тұру керек.
23. Үш сөз: гамак (аспалы тор) сатып алыңыз
24. Қашықтан жұмыс істегенде әріптестеріңізбен видеочатта сәлемдесуге уақыт табыңыз.
25. Кейде жұмысқа кірісіп кеткенде тоқтау қиын болады. Сондықтан таңғы уақыттың қадірін біліңіз, ол – тек сіздікі.
26. 20 минуттық серуен сергіп алуға өте пайдалы. Ол сондай-ақ креативіңізді де арттырады.
27. Кешкі ас ішпей қоймаңыз, кейде түннің бір уағына дейін отырып қалуыңыз мүмкін.
28. Жұмыс саундтрегін тауып алыңыз.
29. Видеочат – сіздің досыңыз. Buffer тіпті видеочат арқылы бірге иогамен айналысады.
30. Видеочат туралы бір сөз: өз келбетіңізге күтіммен қарай бастайсыз, себебі видеочатта өзіңізді күнде көретін боласыз.
31. Дене тілсіз коммуникация өте қиын. Сөзіңізді сұрыптап үйреніңіз.
32. Сағат белдеулері деген – "сұмдық" нәрсе. Әріптесіңіз немесе хабарласқалы жатқан адамыңыздың сағат белдеуін міндетті түрде ескеріңіз.
33. Сағат белдеулері деген – керемет нәрсе. Елестетіп көріңіз: сіз ұйықтап жатырсыз, ал компанияңызда жұмыс қызу жүріп жатыр.
34. Егер мүмкіндік болса, кездесуді күнде бір уақытқа белгілеңіз.
35. Мейлінше жиі әңгімелесіп тұрыңыз, "жатырқап", "жабайыланып кету" өте оңай.
36. Егер жүргізуші болсаңыз, кептелістің не екенін ұмытасыз.
37. Сізге қызыға қарайтын болады.
38. Қашықтан жұмыс істеуге арналған құралдар (видеочат, email, жоспар сервистері) – сіздің ең жақын достарыңыз.
39. Дене тілін іске асыра алмасаңыз, gif, смайлдарды қолданыңыз.
40. Егер сізге қашықтан жұмыс істеу тиімді болса, оны жасырмаңыз.
Massaget.kz