Қарызға бір доллар беріңіз

Қарызға бір доллар беріңіз

Бағалы киім, кез келгеннің қолы жете бермейтін сағат тағынған орта жастар шамасындағы ер кісі банк есігін аттады. Салауатты адамның басынан-аяғына дейін зер сала қараған банк қызметкері ол кісіден ілтипатпен қандай көмек керек екендігін сұрады.

- Азырақ қарызға ақша алайын деп едім.

- Әбден болады. Қарызға қанша ақша аласыз?

- Бір доллар.

- Бір доллар ғана дейсіз бе?

Ол таң қалған бейнеде қайта сұрады.

- Маған қажеті бір доллар ғана. Бересіздер ме?

Оның бұл тұрысында сөзсіз бір сырдың жатқанын іші сезген банк қызметкері қызмет өтеу сапасын тексеруге келген болуы мүмкін деген ойға келеді. «Әрине қарыз беріледі. Тек кепілге қояр мал-мүлкіңіз болса болғаны».

- Жарайды.

Әлгі кісі сөмкесінен бір топ жарна билеттерін алып шықты.

– Осыларды кепілге қойсам бола ма?

Банк қызметкерлері бір-бірден санап шыққаннан кейін: «Мырза, жалпы құны 500 мың АҚШ доллары тұрады екен. Кепіл қаражатқа әбден жеткілікті. Бірақ, мырза, сіз осыншама құнды дүниені кепілге қойғанда, тек бір доллар ғана қарыз аласыз ба?»

- Иә, бір доллар ғана қарыз аламын. Мәселе бар ма?

- Жоқ, мәселе жоқ, құжаттарыңызды реттейін. Алған қарызыңыздың жылдық өсімі 6% болады. Бір жылдан кейін қарызды өсімімен қоса қайтарған кезде кепіл заттарыңыз қайтарылады.

Кейін кетуге ыңғайланған кісінің соңынан банк директоры ілесе шықты. Бұл әрекетінің байыбына бара алмаған директор: «Мырза, кешіріңіз, сізден сұрауыма бола ма?»

-  Әрине болады.

- Мен осы банктың бастығымын. Сіз 500 мың долларлық қорыңызды мұндай қойып, не үшін бір доллар ғана қарыз алдыңыз?

- Жарайды, сізге шын сырымды айтайын. Мен бұл қалаға бір шаруалармен келген едім. Шаруам бітті. Жарна билеттері мен құнды қағаздарды алып жүру қолайсыз, әрі қауіпті. Ақша және құнды дүниелерді сақтайтын арнайы мекемелерге барып ем, бағалары тым қымбат екен. Сондықтан осылай істедім. Банкке сақтауға бердім. Оның үстіне өсімі де тым арзан, бар болғаны жылына алты-ақ тиын өседі.

Банк директоры ұйқыдан оянғандай селк етті. Оның парасатына тәнті болды. Әлемге аты шыққан саудагер банк директорымен қош айтысып, өз жолына түсті.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: 127tv.com

M. Auelkhan