Көпшілік адам қарын ашу мен тәбетті бір нәрсе деп ойлайды. Бірақ ғылым көзімен, бұл түсініктерді бірдей деп санауға келмейді. Олар шығу тегі бойынша да, адамға тигізетін әсері бойынша да ерекшеленеді.
1. Аштық — физиологиялық, ал тәбет — психологиялық процесс
Мысалы, жұмыста түскі ас кезінде тамақтанбасаңыз немесе жүрек жалғап алмасаңыз, кешке қарныңыздың ашқанын сезесіз. Бұл кезде ішіңіз шұрылдайды, ішіңіз сәл ауыруы мүмкін. Сондай-ақ жалпы әлсіздік немесе жайсыздық сезінуіңіз мүмкін. Бұл белгілер арқылы дене тамақты және энергияны қажет ететінін көрсетеді.
Аштық сезіміне ағзаның бірнеше жүйесі жауап береді. Мысалы, грелин гормоны. Ол адамның қанша және қаншалықты жиі тамақ жейтініне әсер етеді. Ол асқазан-ішек жолы жасушаларымен синтезделеді. Ұзақ қарныңыз аш болып жүрсеңіз, қандағы қант деңгейі төмендейді. Ал ол бұл гормонның көп өңделуіне итермелейді. Адам мұндай кезде аштықтың жағымсыз сезімдерін сезеді. Сондай-ақ тамақ жегісі келу процесіне лептин гормоны да қатысады. Ол майлы тін жасушаларымен өңделеді және тою сезіміне жауап береді.
Ал тәбет физиологиялық емес, психологиялық процестерге негізделеді. Мысалы, адам тойып тұрса да, тәбеті ашылуы мүмкін. Кейде біреудің дәмді тамақ жеп отырғанын көрсеңіз, тәбетіңіз ашылып кетеді. Сол үшін де көпшілік адам артық тамақтанады: асқазан жеткілікті тамақ желінгені жайлы белгілер берсе де, олар психологиялық түрде тоқтай алмайды.
ru.freepik.com
2. Аштық — тоюға, ал тәбет тамағамдық артықшылықтарға жауап береді
Адам ұзақ уақыт аш жүрсе, оған кез келген тамақ дәмді көрінеді. Мұндай кезде ол бұрын бұл тамақ оған ұнаған/ұнамағанына қарамастан оны жеп алады. Себебі ағзаға пайдалы заттар, күш және энергия қажет.
Ал тәбет тағамдық артықшылықтарға жауап береді. Ол көптеген факторлардан қалыптасады: ДНҚ, тәжірибе, мәдениет, дәм сезу рецепторларының мөлшері. Бұл психологиялық факторлар адамның өзіне ұнайтын тамақты көрсе немесе есіне алса, тәбеті ашылуына ықпал етеді.
3. Тамақтану бұзылыстары аштықтан емес, тәбеттен туындайды
Американдық психологиялық қауымдастықтың мәліметі бойынша, аштық емес, тәбет — компульсивті артық тамақтанудың бір бөлігі. Бұл адам тамақтың көмегімен күйзеліспен немесе мазасыздықпен күресетін проблема. Бұл жағдайда тамаққа деген физиологиялық қажеттілік рөл ойнамайды.
Нәтижесінде, тамақ арқылы күйзелісті уақытша басқанымен, адамның моральді жағдайы одан сайын нашарлайды: өздерін кінәлі санай бастайды немесе өзін-өзі бағалауы төмендейді.