Қоғамда адамдар арасындағы ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір-бірімен араласа алмайды. Ал қарым-қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті игеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді.
1. Маскiлi қарым-қатынастар– бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию.Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. Мысалы,жағымпаздану,өз жұмысын істетіп алу мақсатында өтірік қошеметтеуді жатқызуға болады.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас – сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана тырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.