- Негізгі бет
- Жаднама
- Қартаюды кешеуілдететін 14...
Қартаюды кешеуілдететін 14 әдет
Қазір сұлулықты сақтап қалудың жасанды жолы көп. Алайда сырт келбетіңді қанша әрлегенмен, жаратылысың өз жасыңды сыбырлап айтып тұруы мүмкін. Сондықтан ішкі әлеміңізге де үңіліп, ерте қартаймаудың мына тәсілдерін қаперге ала жүріңіз.
Велосипед сатып алыңыз.
Ғашық болыңыз. Үнемі біреудің назарын жаулау – өзіңді күтудің таптырмас тәсілі.
Таңғы аста тастама, кешкі асқа қарама.
Мүсініңізді бір қалыпты ұстаңыз. Жас келген сайын денеңіз бен бетіңізге көбірек күтім керек. Бетіңізге әжім түсіп, уақыт өзінікін алғанымен, сымбатыңызды сақтап қалу өз қолыңызда.
Көре алмаудан ада болыңыз. Өтіріктен қашыңыз.
Ұйқы режимін сақтаңыз. Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз.
Ақшаны қажетіңізге рахаттанып жұмсай біліңіз. Мақсатсыз ақша жинау да қарттық жақындағанының белгісі.
Кемінде жылына екі рет өзіңізге ең жақсы демалыс ұйымдастырыңыз.
Ұсақ-түйекке шаттана біліңіз. Құстардың сайрағаны да, сирень гүл жарғаны да тамаша.
Сән-салтанат пен жан рахатын шатастырмаңыз. Қайсына көбірек қаржы жұмсауды да дұрыс шешіңіз.
«Қолымнан келмейді» деген сөзді ұмытыңыз.
Жомарт болыңыз.
Жастармен жарысып жас болуға тырыспаңыз. Бұл тек күлкілі көрінеді. Бірақ өз жасыңызға сай өмір сүріңіз.
Өмірге, тіпті ешкімге кінә артпаңыз.
@. @assel_assanova