- Негізгі бет
- Жаднама
- Қара джинс шалбарының...
Қара джинс шалбарының түсін сақтау
Өз пішінімізге сай келетін қара джинс шалбар табу оңай емес. Сондықтан тапқан күннің өзінде оның анық қара түсін жоғалтқымыз келмейді. Егер қара джинс шалбарын дұрыс жуып, кептірсек, ол өз қалпын ұзаққа сақтайды.
Қара джинс шалбарының түсін сақтау үшін төмендегі ережелерді сақтаңыз:
- Жуудың алдында шалбардың қалтасын мұқият тексеріңіз. Қалтадағы ұсақ қағаздар мен қиқымдарды қағып, тазартып тастаңыз. Егер ұмытып кетсеңіз, жуған кезде қалтадан шығып, шалбардың матасына жабысып қалатын болады;
- Шалбардың қалтасын қайтадан орнына кіргізіп қойыңыз. Егер қалтаның матасы ақ түсті болса, жуу кезінде джинс шалбарға тимеуі қажет;
- Джинсті теріс айналдырыңыз. Әрқашан теріс қаратып жуыңыз;
- Барлық ілгектерін тағып, сыдырма ілгегін жауып қойыңыз. Ол шалбардың пішінін сақтауға көмектеседі;
- Егер шалбарды кір жуғыш машинада басқа киімдермен қосып жусаңыз, қара джинс шалбарыңызды кір жууға арналған торға салып жуыңыз. Егер джинс шалбармен бірге жүнді шұлық жуылса, шалбар түсін құртады;
- Қара джинс шалбарды жууда түрлі түсті киім жууға арналған құралдар қолданыңыз. Себебі, оларда ағартатын қоспасы болмайды;
- Шалбарды күннің көзіне кептірмеңіздер. Кептіргішті жуынатын бөлмеге немесе көлеңкеліі жерге қойыңыз;
Егер уақыт өте қара джинс шалбар анық түсін жоғалтқан жағдайда кір жуғыш машинада бояуға болатын боялар сатылады. Олар қолдануға ыңғайлы болып келеді. Қолданылуы нұсқамасында көрсетіледі. Егер қара джинс шалбарыңызды бояйтын болып шешсеңіз, бірден екеуін сатып алыңыз. Алдымен ескі шалбарыңызды бояп көріп, нәтижесі ұнаса, өзіңіздің сүйікті шалбарыңызды бояйсыз.
А. Жапатова