Қалыптасуға кедергі болатын 3 нәрсе

Адам күнделікті өмірде жетіледі. Қалыптасады. Өседі. Бұлар оның өмірлік ұстанымдары. Бірақ осыларға кедергі болатын үш үлкен нәрсе бар.

Бәсеңдік

Сіз өзіңіздің көп ойланып жүргеніңіз туралы білесіз бе?! Біз және сіз үнемі ойлаймыз және ой үстінде жүреміз. Іске көшудің орнына «Мүмкін..», «Әлде...» деп созып жүреміз. Алға басудың орнына біз жоспарлай береміз.

Алысқа жоспар жасау өзіңізді алдау ғана. Сіз бүгін үшін өмір сүріңіз. Бүгін жасаған ісіңіз болашақтың кепілі.

Сондықтан мына үш  нәрсені жасауға тырысыңыз:

1 Жететін межені нақты белгілеңіз

2 Өмірге сеніммен қарау керек

3 Іске көшу керек

Кінәлау

Жетістікке жету жолындағы тағы бір үлкен кедергі – өзіңді кінәлай беру. Қателік кез келген жағдайда орын алады. Бірақ қателік жасалды деп өзіңді кінәлай беруге болмайды.

Біз өзіміз қалаған жерде болу үшін сонда боламыз. Себебі қалауымыз сол. Тегінде біздің өзіміздің қалауымыз болмайынша, бізді ешкім ренжітіп, немесе қателікке жетелмейді. Тек өзіміз сол дүниелерді қалыптастырып аламыз.

Ақталу

Жоғарыдағы атап өткен өзіңді кінәлау секілді ақталу кедергі келтіретін ең үлкен керіс ағыс. Себебі адам әр қателік үшін ақтала берсе, жеңіліс табады.  Егер сіз ақталу үшін өзіңізді бұл саланың иесі емеспін деп тапсаңыз, өзіңіз іздеген, қалаған салаға кетіңіз. Біреуді кінәлауды, жамандауды қойыңыз.

Күнделікті таңертең тұрған кезде арман мен мақсат жолында ояныңыз, ойлаңыз, іске кірісіңіз!