Басы
Содан соң, адам қабағын түйіп, көңілсіз жүретін болса, (бәлкім ол өмірдің заңы ма, білмедік) ақша да келгісі келмейді. Өмірдің өзі қабағын түйіп алатын сияқты. Тіпті көшедегі адамға күліп қараудың өзі көңілге қуаныш ұялататыны психология ілімінде бар. Сол сияқты, өмірдің қиындықтарын күліп жеңу керек. Қашанда қабағын қарс жүйіп жүретіндерге қарағанда, «менде бәрі жақсы» деп жүретіндердің жолы болғыш келеді. Тіпті қалтасында 100 теңгесі қалса да салы суға кетпей, жадырап, көңілді жүретін жандар бар арамызда. Оларды көрсең, өмір сүргің келіп кетеді. Неліктен? Өйткені олар айналасындағыларға көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан жолы да болғыш. Егер ұжыммен жұмыс істегіңіз келмесе, үйден шықпай отырып та, өз кәсібіңізді дөңгелетіп те ақша табуға болады. Бұл – ғаламтор арқылы ақша табудың бір жолы. Сіз компьютерді «шағатын» шығарсыз. Онда неге сайт ашумен айналыспайсыз? Қазір кез келген компанияның, мекеменің, тіпті жеке адамдардың өз сайты бар. Жоқтары ашуды жоспарлап жүр. Мүмкін сіз заң саласында кеңес беруге шебер шығарсыз? Онда фрилансер болуға жол ашық деген сөз. Кішкентай балалармен жұмыс істеген ұнай ма? Бос уақытыңыз болса, үйіңіздің қасындағы мектептен баласын алып кетуге келіп тұрған аналармен сөйлесіп көріңіз. Олар осыған да уақыт таппай, баласын күнде мектепке әкеліп-әкетуге сен сияқты жасты іздеп жүруі мүмкін ғой. Алғашқы жолы ақша табу қолдан келмесе, қамықпа! Бір күні болмаса, келесі күні Сіздің біреуге көмегіңіз керек болары сөзсіз.
Ғаламтор форумдарынан өз үйіңіздің маңындағы тұрғындарды тауып алыңыз. Форум арқылы (мысалы біздің сайтта да форум бар) кез келген бизнесті жүргізуге болады. Форумда отырғандар – өзіңіз сияқты адамдар. Олардың бәрінің өз ойлағаны болады. Олардың сеніміне кіру үшін жеке парақша арқылы танысу керек.
Бәлкім қолыңыздан тігу келетін шығар? Міне, тамаша! Жақындарыңызға, таныстарыңызға арзан ақшаға қызмет көрсетіп, басында өз шеберлігіңізді жарнамалап жіберіңіз. Көршілеріңізге де айтып қойыңыз. Шалбардың балағын, юбканың етегін, пиджактың жеңін қысқартуға бәрі жүгінеді. Ұмытпаңыз, қызмет ұсынбас бұрын жақынырақ танысып, сөйлесіп, өзіңіздің ниеті түзу адам екеніңізді танытып аласыз.
Ақша табудың жолы көп. Тек жұмыс істеймін деген ниет болса… Армандап үйде отыра бергеннен гөрі істі бастап кету керек. Армандар орындалады.
Ақша табудың жолын ойлап табуыңызға тілектеспіз. Сәттілік!
Жолдаған: Бейбарыс Айса
Сурет: money.gazeta.kz
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова