«Мафия» – әр қатысушының өзіне тиесілі рөлі болатын, заң бұзушылар мен қала тұрғындарының арасындағы шытырман оқиғалы күреске негізделген ойын. Жай ғана ойын емес, қырағы, сезгіш болуға, адамның мінез-құлқын тануға, сезім мен сананы тепе-тең ұстауға, ой пікірді дәлелдеп, тайқып кетпей, өз көзқарасыңда қалуға үйрететін ерекше ойын түрі. Ереже бойынша мафия мүшелері қала тұрғындарынан біртіндеп құтылуға көшеді. Ал қала тұрғындары өз кезегінде олардың кім екенін анықтап, тездетіп бетперделерін ашу керек. Әйтпесе зұлымдық жеңіс тағына көтеріледі.
Ойын туралы қызықты фактілерге тоқтала кетсек.
♠ Ойынды 1986 жылы психология факультетінің студенті Дмитрий Давыдов «Спрут» телехикаясын көрген соң ойлап тапқан. Алдымен, жатақханада ойналған «Мафия» уақыт өте КСРО-ның барлық аймағына тарап, артынша Венгрия, Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания, АҚШ сынды мемлекеттерге жол тартады.
♣ Ойын жанры өте күрделі. Ол туралы «Фирма құпиясы» атты журналда көлемді мақала жарияланған болатын.
♥ Алғашқы телевизия нұсқасын 1990 жылы литвалықтар «Парламент мафияға қарсы» деген атаумен жасап шығарды. Кейін көптеген мемлекеттее әр түрлі атаумен осыған ұқсас бағдарламалар пайда болды.
♦ Мафия соңғы 200 жыл ішіндегі ең таңдаулы ойындардың қатарында.
Ойынның әр алуан нұсқасы бар:
1. Румыниялық нұсқасы. Әр тірі ойыншы екі шармен дауыс береді. Ақ шар ең сенімді деген адамға, қара шар күдікті деген адамға ұсынылады. Қара шары көп жиналған ойыншы түрмеге отырады.
2. Қараңғыда. Ойын барысында ойыншының көздері байлаулы болады.
3. Сұрақтар тізімін пайдалану. Ойыннан шыққан қатысушыға мафияны анықтауға көмектесетін жанама сұрақтар қоюға болады. Ол жанама сұрақтардың арнайы тізімі бар. Мұнымен қатар, ойыннан шыққан қатысушы шындықты жасырып қалуы да ғажап емес.
4. Арнайы шарт. Мысалы, біреу былапыт сөз айтатын болса, дауыс беру мүмкіндігінен айырылады.
5. Тақырыптық ойын. Ол үшін өзіңізге ұнаған фильмді немесе романды таңдап, рөлдерді бөлу керек. Ойын ережесі өзгермейді, тек қатысушылардың есімі кейіпкерлерге сай қойылады.
Бұл ойын жоғарыда аталған мемлекеттерде ғана емес, Қазақстанда да кеңінен таралған. Әдетте, карта жоқ болған жағдайда рөлдерді қағазға жазу әдісін пайдаланады. «Мафияны» үйде немесе арнайы мекемелерде ойнауға әбден болады. Сондай мекемелердің бірі – отбасылық «Al Pacino» сауық орталығы. Аталған жерде «Мафия» ойнауға арналған бөлме бар. Ол бөлменің ерекшелігіне тоқталмасқа болмайды, себебі қызықты ойын ойнау үшін атмосфера, аура дайын десек артық айтпаймыз. Қысқасы, бөлме тарихтағы әйгілі мафиозилардың рөлін ойнаған актерлердің суреттерімен безендірілген. Өзіңді құдды басқа адам, басқа әлемде секілді сезінесің, әрі ойынға арналған арнайы карталар да жоқ емес. Ал бөлме ортасында орналасқан дөңгелек үстел ойыншылардың бір-бірінің іс-қимылын жіті бақылауына, реакциясын қалт жібермеуге өз септігін тигізеді.
Жаңажылдық басқосуда осы ойынды ойнауға болады.
«Al Pacino» орталығының мекенжайы:
Алматы қаласы, Солодовникова,23
Телефон нөмірлері: +7 (777) 549-51-15, +7 (707) 734-44-59
Жұмыс уақыты: 10:00-00:00
Сурет: massaget.kz