Карантин кезінде уақытымызды қалай өткізудің амалын таппай кеткеніміз рас. Төрт қабырғаға қамалып, кітап оқып не компьютер алдында ғана отыру дұрыс емес. Арасында отбасыңызбен не бірге тұратын достарыңызбен ой сергітіп, қарапайым ойындарды ойнап тұру қажет.
"Теңіздегі ұрыс"
Ешқашан ұмытылмайтын ойын. Мектеп партасында отырған кезде қолымызға қалам мен қағазды ала салып, кемелермен соғысқа аттанатынбыз. Қазір тек жаныңыздағы адаммен ғана емес, телефон арқылы алыстағы досыңызбен ойнасаңыз болады.
"Крокодил"
Бала кезде лагерьде жиі ойнайтын ойын есіңізде ме? Әрине, бұл "крокодил" ойыны еді. Екі командаға бөлінген соң қарсыластың бір мүшесіне жасырын сөз айтады. Ал ол өз кезегінде командаластарына жасырын сөзді ишара жасау арқылы не ымдап түсіндіреді.
"Қалпақ"
Ойынға қатысушылар 10 сөзден қағазға жазып, оны қалпаққа салады. Сосын ойыншылар кезекпен қалпақ ішіндегі қағазды алады. Ойыншы 1 минуттың ішінде қағазда жазылған жасырын сөзге өзге қатысушыларға ишара жасау арқылы не ымдап түсіндіреді. Жасырын сөз табылса, қалпақта жатқан басқа қағазды алу қажет. Дегенмен уақыт шектеулі екенін естен шығармаңыз.
"Мен ешқашан..."
Бірінші ойыншы өмірінде істеп көрмеген іс-әрекетті айтып, ойынды бастайды. Ал бұл әрекетті істеген өз қатысушылар оған бір қағаздан береді. Жеңімпазды ойын соңында қағаз саны бойынша анықтайды. Кім көп жинады - сол жеңімпаз!
"Мен кіммін?"
Қатысушылар қағазға танымал кейіпкерлердің не тұлғаны аты-жөнін жазады. Сосын ойыншылар кезекпен қағазды алып, өзіне көрінбейтіндей етіп маңдайына іледі. Сіз маңдайыңыздағы қағазда кімнің жазылғанын табуыңыз қажет. Ол үшін өзге қатысушыларға сұрақ қоя аласыз. Бірақ олар тек "иә" не "жоқ" деп жауап бере алатынын ескеріңіз.
"Рас па, өтірік пе?"
Әр ойыншы бір рас және бір ойдан құралған оқиғаны айтады. Ал өзге ойыншылар қайсысы рас екенін табуы қажет.