- Негізгі бет
- Жаднама
- Қабырғадағы қасиетті жазу...
Қабырғадағы қасиетті жазу
Майкл сирек ұшырайтын бір түрлі науқасқа душар болған еді, оның тұла бойы сіресіп, сүйектері икемінен айырылды. Ауруы барған сайын асқынып өз денесіне ие болудан қалды. Ол дөңгелекті орындықта отыруға мәжбүр болды. Енді ғана он төрт жасқа келген жасөспірімнің рухы қартайып бара жатқан сияқты еді. Оның көкірегін қайғы торлап, жора-жолдастары маңына жоламайтын болды.
Анасы оны үнемі дөңгелекті орындығымен есік алдына алып шығатын, сол жерде отырып күншуақтайтын, дуалға жармаса өскен шырмауық сабақтары арасында ұсақ жәндіктер өріп жүретін-ды. Майкл бала күнінде қолына таяғын алып, қоңыздарды шұқылап ойтайтын. Оның сірескен денесі артындағы дуалды көруге мүмкіндік бермейтін. Ол өлең жазуға құмар еді. Амал қанша, қазір бәрінен құралақан қалып, анасына ауыр қайғы сыйлап орындыққа таңылып отыр.
Анасы әр күні оның арт жағына отырып алып оған кітап оқып беретін. Майкл ырықсыз түрде, үнсіз тыңдап отыратын. Дәл осындай күндердің бірінде бір сұлу бойжеткен олардың есігінің алдынан өтіп бара жатты. Анасы кітап оқуын доғара қойды, бойжеткен Майклмен бір мектепте оқыған сыныптасы болатын. Түсі таныс. Бойжеткен кідіріп, оларға зер сала қарап сәл тұрды да көтеріңкі дауыспен: «Сәлеп, Майкл!» деп сәлемдесті.
Майкл мәз бола күлді, әрі: «Менің атымды анамнан басқа адамдар да біледі екен-ау! Әуелі мына сұлу бойжеткен де мені ұмытпапты!» деп ойлады.
Сол күні анасы оған даңықты физика ғалымы Хопкин туралы әңгімелеп берді. Оның науқасы Майклден де ауыр еді, бірақ, Хопкин табысқа жетті. Сол күннен бастап анасы Макйклды әр күн сайын есік алдына алып шығып әлгі қабырғаның түбінде оған өлең немесе басқа да әдеби кітаптарды оқып беретін болды. Олардың алдынан өтіп бара жатқан адамдардың бәрі тоқтай қалып, көтеріңкі дауыспен: «Сәлем, Майкл!» деп амандасатын. Олардың көбі бұл отбасының таныс-білістері еді. Кейде танымайтын адамдар да келіп амандасып кететін болды. Ол бұрынғыдай жалғызсырап түңілуін қойды. Өзін көптеген адамдардың ұмытып кетпегенін ойлап жеңілдей бастады.
Ол бірнеше жылда анасының көмегімен көптеген кітаптарды тыңдады. Өлең жаза бастады. Оның әлсіз дауыспен айтқан өлеңдерін анасы естелікке алатын еді. Денесі сіресіп жатса да, көңіл-күйі көтеріңкі болды, өмірін мәнді өткізді. Кейін Майклдың өлеңдер жинағы баспадан шығып оқырман ортасында жақсы аңыс қозғады. Атағы шығып, беделді ақынға айналды. Кейін олар жаңа үйге көшті. Байырғы шырмауық басқан қабырға да, көне үй де, анасы да Майклмен қош айтысты.
Арада көп жылдар өтті. Бір күні Майкл көте тұрағы және байырғы қабырғаға арнап өлең жазуды ойлады. Сонымен ол достарының көмегімен көне үйіне келді.
Әлгі қабырға әлі де бар екен. Қою шырмауық сабағы басып кетіпті.
Достарының бірі қалың шырмауықты абайлап қолымен көтерді. Қабырғаға сиямен үлкен етіп жазылған жазуды көрді. Жазу күңгірттене бастаған болса да, ол анық танылып тұр еді. Бұл – дәл анасының жазу: «Сәлем, Майкл!» деп жазылған болатын.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nipic.com
M. Auelkhan