Жүзу жаттығуларына жазылмақ болсаңыз...

Жүзу жаттығуларына жазылмақ болсаңыз...

Жүзу – аса шығынды қажет етпейтін спорт түрі. Сонымен қатар қажетті заттар кішігірім сөмкеге оңай сыяды және ерекше күтімді қажет етпейді.

Спорттық су киіміне талаптар да аз: суға кіргенде тайғанамайтындай және пішіні мен түсін жоғалтпайтындай болғаны жөн. Иықбау қолдардың қимылына кедергі келтірмеу керек, сол себепті арқада х-түрінде байланатын үлгісі дұрысырақ. Қыздар үшін су киімнің міндетті бөлшегі – кеудені көтеріп тұратын иілгіш селдір материалдан жасалған төсем.

Бассейнге сонымен қатар арнайы бас киім де қажет. Біріншіден, бұл көптеген бассейндердің қоятын талабы, екіншіден – ол шашты хлор әсерінен қорғайды (егер бассейніңізде хлор пайдаланылса), үшіншіден, қимыл-қозғалысты жеңілдетеді.

 

Көзді хлор мен шашыранды судан қорғау үшін көзілдірік керек. Ең тиімдісі – жұмсақ, кеңсірігі белгіленбеген, яғни көзілдірік біртұтас сияқты болып келетіні. Мұндай көзілдіріктер үш түрлі өлшемде болады (линза диаметрі мен кеңсірік ұзындығы): балаларға арналғаны – Kids, жасөспірімдерге арналғаны – Junior және ересектерге арналғаны – Signor (немесе нұсқаусыз сатылады). Неопреннен (губка) жасалған көзілдіріктер де өте ыңғайлы. Олар біршама жұмсақ және су өткізбегенімен қатар, теріге қатты үйкелмейді, сол себепті көз айналасында терең із қалмайды. Бұл әсіресе таңертең бассейнге баратындар үшін тиімді. Ал көз көру қабілеті нашар адамдар үшін арнайы диоптрийлі көзілдіріктер шығарылады. Өндірушілер бүгінде оң және сол көздердің көру қабілетіне сәйкес диоптрийлі көзілдіріктер де ұсынуда.

 

Сонымен қатар сізге табаны таймайтын резеңке шәркей қажет болады. Кейбір бассейндерде аяқ киімді гардеробта ауыстыруды талап етеді, сондықтан вьетнамкаларға қарағанда шәркей ыңғайлырақ: оны шұлықты шешпей жатып киіп алуға болады. 

Сурет: wday.ru, басты сурет: massaget.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina