Жұмыстан қажу заңды құбылыс екен

Жұмыстан шаршағаныңды көп байқап жүрсің бе? Жасап жатқан ісің ешкімге керексіз көріне ме? Әріптестерің мен басшың жүйкеңді жұқартып бітті ме? Онда мына мақала сен үшін!

Расын айтсақ, бұл кезекті мақалалардың бірі ғана. Бұл жазбаны оқып шыққан соң ештеме де өзгермеуі мүмкін. Жә! Сұрағыңа жауап іздеп көр...

Жұмысқа белшесінен батып жұмыс жасайтын заман туды деп ойласаң бекершілік. Себебі ерте дәуірлердің өзінде-ақ еңбектің рөлі адам баласының өмірінде елеулі орын алып келгенін айтқымыз келеді. Мәселен, «Екклезиаст кітабында» автор «Адамға осыншама көп еңбек ету мен күн астында еңбек етудің айырмашылығы неде екен?» депті. Ал жылдар өткен соң Марк Аврелий «Мақсатсыз болса да жұмысы көп адамдар қандай ақылсыз» деген екен.  

Американдық психоаналитик Герберт Фрейденберг 1974 жылы адамның жұмыстан әбден қажыған сәтін темірдің балқуына теңеп, осындай бір синдромды нақтылай зерттепті. Әрбір мамандық иелерінің де дәл осындай күйге түсіп, қажып, тозып жүруін ол «burnout» деген терминмен сипаттаған.

Жану синдромы осыдан пайда болған екен. Оны біз секілді қарапайым адамдар адамның жұмыстан қажығандағы сәті деп түсінсек те жетіп жатыр. Бір қызығы, автор бұл синдромды тек «көмектесуші» мамандарға теліпті: медбике, психиатр, әлеуметтік қызметкерлер. Ал уақыт өте келе «шаршау синдромы» барлық басқа мамандықтарда байқалып, жалпылана бастаған.  

Қалайша бұлай болды? Жану синдромы мен депрессияны немесе жәй ғана шаршаудан қалай айыруға болады? Бұл синдром сенде бар ма, әлде Фрейденбергтың жаңалығын өзің үшін сылтау етіп алғың келе ме? Анықтап көрелік.

Жануды эмоционалдық қажу деген негізгі белгісі арқылы анықтауға болады:

Эмоционалдық қажу.

Қызықты жұмыс адамды елітіп әкетсе, ал амалсыздан жасалатын тапсырмалар көңілді бірден қайтарады. Мұндай жұмысты әлдекімге бұрып жіберуге немесе кейінге қалдыра беру кең етек алған. Іш пысу мен жайсыздықты әрбір ұсақ себептер тудырады: жағдай, қисық орындық, компьютер, төгілмеген қоқыс. Ал көңілге жағымды қызығушылықтар (YouTube қарау, әлеуметтік желілермен байланыс жасау, ойындар ойнау) жұмысқа деген күш-жігерді жойып жібереді.

Не істеу керек?

Өзгеріс.

Егер жұмыс ұнамай жүрсе жұмыс столын ауыстырып көру керек. Компьютер жұмыс алаңындағы суретті де ауыстыру тиімді әдіс.

Не үшін шаршаймыз?

Тәжірибенің жоқтығы.

Жұмысқа жаңа тұрған қызметкер өзінің негізгі міндеттерінен бөлек басқа да істермен (әріптестермен байланыс жасау, жаңа жұмыс орнына үйренісу, бастықпен тіл табысу, жаңа жүйеге мойынсыну) айналысуға мәжбүр. Сәйкесінше, жаңа жұмыс адамды титықтатып жіберуі әбден мүмкін.

Идеалист болу.

Көмектесу қызметін ұсынатын жұмысшылар өз ісін жақсы атқара бастаса-ақ түн ұйқысына дейін талып түсетініне кепілдік береміз.

Сіз қырық бес жастан асқансыз.

Жауапкершілікті асыра, тіпті өзгелер үшін жұмыс атқаратын адамдар, әрине, тез шаршайды. Ал жауапкершілікті көбіне жасы орта тұсқа келген адамдар алады екен.

Сіз қыз балалардың ортасында жұмыс жасайсыз.

Ер адам болсаңыз, әрине. Бұл жерде де жеке тұлға зардап шегеді. Қыз балалар қоршаған ортада жұмыс атқару өте қиын. Керісінше, қыз бала ер адамдардың ортасында жұмыс жасаса бұл пайдалы екенін де жасырмайық.

Сені ешкім бағаламайды.

Адамның жетістігін бағалап, дер кезінде «арқасынан қақпаса» ол өз жұмысын жеккөріп кетуі мүмкін. Сондықтан да, әрбір пайдалы іс жасаған соң өз-өзіңізді еркелетіп, ең болмағанда тәтті-пәтті алып жеп алыңыз.

Сонымен, бәрі де өткінші, сондықтан сәттік заңды құбылысқа өмірдің екінші бір белесі екен деп еріп кетудің еш реті жоқ, бәрі де орнында. Жұмысқа сәттілік!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: maximonline.ru