Кей адамдар жұмыстан жалыққан кезде басқа нәрселермен айналысқысы келеді. Орнында отыра алмай, байыз таппай жатады. Олардың жартысы уақытын бос өткізсе, енді бірі «Мұның дұрыс емес қой» деп, ақылға ерік береді.
Зерттеушілер жұмыс барысында адамның қызмет жасауға кері әсерін тигізетін және пайдалы сигналдардың барын анықтаған. Сол сигналдарды тізіп көрейік.
– Іскер адамдар көбіне портфель немесе оның суретін көрсе, жанындағы әріптестерімен бәсекеге түскісі келеді екен;
– Егер жұмыста бір адам «көңіл-күйім жоқ», «шаршап отырмын», «ұйқым келіп тұр» десе, екінші адамның да жұмысқа зауқы соқпайды;
– Тазалықшылар үстел үстін не терезе сүртіп жүрсе, тазалайтын ерітінділердің исі кей іскер адамдарға ұқыптылық туралы хабар береді екен. Оның иісін сезген бойда, айналасын реттеп, қоқыстарын жинай жөнелетіндер бар екен.
Жұмыс үстелін жинай бермеңіз.
"Егер үстел үсті шашылып жатса, мида да төңкеріс болып
жатыр деген сөз делік, ал үстел үстінде ештеңе болмаса ше?"
Альберт Эйнштейн
Шығармашылық және ғылым жолында жүрген адамдардың көпшілігі жұмыс үстелінің жиналып тұрғанын қаламайды. Дегенмен, Пристон универститетінің нейробиолог ғалымдары жұмыс үстелінің ретсіздігі ақпарат қабылдауға кедергі болатынын анықтаған. Зерттеу барысында жұмыс үстелінің шашылуы адамның назарын, жұмысқа деген ынтасын тежейді. Бұдан құтылу оңай емес. Артық дүниені жаныңызға үйіп қойып, оны басқа жерге жинап тастаудан ерінбейсіз. Бар болғаны осыншама жиналған заттардан «жырақтағыңыз» келмейді. Ретсіздіктің әсерінен адам күйзеліске тап болады.
Күйзелістен және ретсіздіктен қалай құтылса болады?
Шектеу. Үстелде мына дұниелерден басқа заттар тұрмауы тиіс деген шектеуді сақтай біліңіз.
Шағын орын. Паркинсон заңы бойынша, жұмыс қанша уақыт қолыңызды айласа, сізідң сонша уақытыңыз жұмсалады. Мұнда да дәл солай: орын аз болса (немесе үстеліңіз кішкентай), ретсіздік те азаяды.
Тексеру. Әр ай сайын айналаңызға, сөреңізге жиналған заттарды тексеірп шығыңыз. Не керек, ненің мерзімі өтті, парақтарды тақырыбына сай жеке құжаттарға жинауға бола ма?
Жинау. Жұмыстан шығып бара жатып, үстел үстін бір жинап кетіңіз. Келесі күні жаңа жұмыстың басталуына дайын болуыңыз керек.
Жалғасы бар...