Қашан да болса жұмысқа қабілеті бар адамдардың 20 пайызы қандай жағдайда да жұмыс істейтіндер, 15 пайызы еш уақытта жұмыс істемейтіндер, ендігі 65 пайызы стимул болғанда ғана жұмыс істейтіндер.
* * *
Өзбектерде "бекер жүргенше, бекер істе" - деген мәтел бар (бекер сөзін өзбекшеден қазақшаға аударғандағы мағынасы - тегін). Сол рас, тым болмаса жұмыс үйренесің, уақытың босқа кетпейді, қабілетің мен жұмыскерлік қалпыңды айнытпайсың, тәжірибең артады.
Жолың бір болмаса, бірге жоспар жасама.
Жігіт адамға бас кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - кедейлік кесірлік" - дейді Төле би.
"Өзің жете алатын нәрсені құдайдан сұрап қайтесің" - депті Эпикур.
Істеп жүрген жұмысыңнан бақыт табам десең, оның үш шарты орындалсын;
бірінші, атқаруға тиіс жұмысыңа шамаң келетін болсын,
екінші, ол жұмысты шектен тыс ауырламайтын бол,
үшінші, істеген жұмысыңның қорытындысы болсын" деген Рескин.
* * *
Эврей халқында мынадай қасиет бар: олар өзін-өзі зерттей, тани жүреді. Жастары білім алған соң он-он бес жыл түрлі, бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды істеп өзінің қабілетін, қандай іске қызығатынын өзі тексереді. Сөйтеді де жақсы білетін, жақсы көретін, осы салада өз мүмкіндігімді толық игеремін-ау дегенін ұстайды, біреуі саясатты, біреуі дінді, біреуі кәсіпкерлікті, біреуі етікшілікті таңдайды, бірақ әрбірі өз ісінде жетістікке жетеді, сол істе үздік болуға ұмтылады.
* * *
Зимерги заңы: Қажет болмай қалған жұмысты істеп тастауға дайын адамдар көптеп табыла кетеді.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: blog.trabajando.pe