- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұмыс берушімен жалақыны...
Жұмыс берушімен жалақыны өсіру туралы қалай сөйлесу керек?
Қызметкер өз жалақысының өсіуін қалап, оған өзін лайық санаса да, оны ашық айта алмауы мүмкін. Назарыңызға HeadHunter онлайн-рекрутмент компаниясының маманы Марина Хадинаның "Жұмыс берушімен жалақыны өсіру туралы қалай сөйлесу керек?" деген материалын ұсынамыз.
Қызметкер жалақысын өсіруді сұрамайынша жұмыс беруші өзі өсіруі неғайбыл. Бірақ ситуацияны өзгертуге болады, ол үшін өз қалауыңызды ашық айту керек.
Жұмыс берушіге жалақыны өсіру туралы айтпас бұрын, мына шарттарға сай екеніңізге көз жеткізіңіз:
1. Сіз өзіңізге тиесілі жұмысты уақытылы, өз мөлшерінде немесе артығымен орындап жүргеніңізге біраз уақыт болды (бірнеше ай немесе одан да көп).
2. Сіздің жұмысыңызға ешкімнің шағымы жоқ.
3. Сіз міндеттеріңізді мінсіз, кейде артығымен орындап жүрсіз немесе соған дайынсыз.
4. Сізге жұмыс беруші мұқтаж, себебі сіз компанияның дамуына үлес қосып келесіз.
5. Компанияда дағдарыс жоқ, бизнес-көрсеткіштер өсіп жатыр.
6. Мемлекетте дағдарыс жоқ.
Егер барлық шарт орындалса, келесі қадамдар мынадай:
1. Бастығыңызбен кездесу ұйымдастырыңыз.
2. Өз жетістіктеріңіз туралы пікірін біліңіз (оның пікірін білу аса маңызды, бірақ қандай жауап алатыныңызды алдын ала ойлап, болжап көріңіз).
3. Компанияда, мысалы, 2 жыл жұмыс істеп жатқаныңызды еске салыңыз. Сізге жұмыс ұнайтынын, өз жұмысыңызды адал атқарып жүргеніңізді айтып, бірақ кәсіби және материалдық дамуды қалайтыныңызды жеткізіңіз.
4. Жетістіктеріңізден мысал келтіріп, жұмыстың есебі мен фактілер жинақталған презентация көрсетіңіз.
5. Компанияда/бөлімде жалақы өсіру практикасы қандай екенін біліңіз. Жалақы өсуі үшін не істеу керек, қандай жетістікке жету керек деген сұрақтарға жауап алыңыз.
Бұл сұхбаттан кейін ары кетсе, сіздің жалақыңызды көтермей қояр. Бірақ ең маңыздың нәрсе – соның себебі.
Дегенмен сұхбат кезінде мыналарды естен шығармаңыз:
– Жұмыстан кетемін немесе басқа компанияға ауысамын деуге кеңес бермеймін. Әдетте, жұмыс беруші бұл сөзіңіз үшін жұмыстан шығарады немесе есте сақтап, сіздің орныңызға басқа адам табады. Себебі бұл кәсіби әрекет емес.
– Өзіңізді басқа қызметкермен салыстырып, басқа біреудің табысын есептеуге болмайды.
– Эмоциямен әңгімелесуден, өзіңізді есіркетуден қашыңыз. Іскерлік этикет сақтап, позитив көңіл күйде болыңыз.
– Компаниядағы жалпы жағдай нашар, жалақы тым төмен деуден аулақ болыңыз. Жұмыста еңбек шартын келісіп, құжатпен бекіту керек.
– Ең бастысы, компания мен бастық үшін қолайлы кезде ғана сұхбаттасыңыз.
Massaget.kz