- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұмыс берушіге сұхбаттан...
Жұмыс берушіге сұхбаттан соң қоюға болатын сұрақтар
Жаңа жұмысқа орналасқанда жұмыс берушімен сұхбаттасу керек. Сұхбат соңында ол "бізге сұрағыңыз бар ма?" деп кандидатты тексеруі мүмкін. Мұндайда жұмыс графигі, жалақыға қатысты сұрақтармен шектеліп қалмау керек. Назарыңызға Fortune журналы дайындаған жұмыс берушіге қоюға болатын сұрақтар тізімін ұсынамыз.
1) Бұл қызметтегі адамның бойында қандай қасиет болуы тиіс?
2) Кейін бірге жұмыс істейтін команданы қалай сипаттар едіңіз?
3) Бұл жаңа позиция ма? Егер жаңа болса, одан қандай пайда күтесіз?
4) Егер бұл жұмысқа қабылданып жатсам, мен үшін алғашқы 12-18 айдағы ең маңызды нәрсе қандай?
5) Бұл қызметтегі адамның ең үлкен проблемасы қандай?
6) Сізді компанияның болашағына қатысты не нәрсе толғандырады?
7) Компанияның өрге басуына қандай жағдай ықпал етеді?
8) Сіздің ойыңызша, компанияның ең негізгі бәсекелесі кім? Және не себепті бұл компания?
9) Бұл компанияға жұмысқа тұруға не түрткі болды? Мұнда сізді не ұстап тұр?
10) Менің келесі іс-әрекетім қандай?
Massaget.kz