Жұмыртқаны қайнатып, пісіріп алғаннан кейін, одан қалған ыстық суды төгеле салатын әдетіміз бар. Кейде тіпті, ол судан жиіркеніп кететін кездеріміз болады. Бірақ бәрі бекер. Ол судың да пайдасы барын бірі білсе, бірі білмес.
Мәселе мынада. Жұмыртқаның қабығы – іштегі қоймалжың затты, "езілген балапанды" қаптап жатқан жай қабыршақ емес. Балапан үшін жатыр орны, тамақтану мен азықтанудың көзі. Жұмыртқаның қабығында дәрумен мен қоректік заттар көп болады. Балапан өсіп-жетілуі үшін содан қорек алады.
Ал жұмыртқаны қабығы неге бай десеңіз, фосфор, калий, азот, темір, магний, күкірт сынды пайдалы минералдарға бай. Әсіресе, кальций карбонатының мол қоры бар. Нақтырақ айтсақ, жұмыртқаны қабығының 90 пайызын кальций карбонаты алып жатыр.
Енді түсінген боларсыз. Етті асып, сорпасын ішкен сынды, жұмыртқаны да қайнатып, ыстық суын да тәуір іске қолдануға болады. Әсіресе, тыңайтқыш зат ретінде қолдануға әбден болады. Үйде гүл өсірсеңіз, аулаңызда бау-бақша болса, жұмыртқадан қалған суды құбырға төге салмай, сонда апарып құйыңыз одан да.
Қай өсімдікке құюға болады?
Ең алдымен, гүлге құйыңыз. Гүлге кальций жетіспей жатқанын сабағы мен жапырағына қарап білесіз. Сарғайып, сабағы құрғап тұруы мүмкін.
Одан басқа, қызанақ пен баклажан, асқабақ пен қауын-қарбыздың түбіне құйыңыз. Алма ағашы мен шие, қарақат пен таңқурай да кальцийді жақсы көреді.