- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдызжорамал: Неліктен бәрі...
Жұлдызжорамал: Неліктен бәрі Сарышаяндарды жек көреді?
Адамдар бір жұлдыз белгісіне жатса да, олар бір-бірлеріне ұқсамайды. Дегенмен де, астрология әр жұлдыз белгісі өкілдерін өздеріне тән мінездерімен және қабілеттерімен ерекшелейді. Әр жұлдыз белгісінің өздеріне тән артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Ендеше, Сарышаяндардың қандай кемшіліктері бар? Неліктен көпшілік Сарышаяндарды жақтырмайды?
Сенбеушілік
Сарышаян ешкімге сенбейді. Тіпті, ол өзіне де сенбеуі мүмкін. Неліктен олай екенін түсіну қиын. Бірақ бұл жұлдыз белгісінің өкілдері үнемі адамдар әрекетінен жасырын мән, негізгі себебін іздеп тұрады. Ал бұл үнемі басқаларға күмәнмен қарауға, сенімсіздік білдіруге және жалғыздыққа әкеледі. Сарышаяндар танымайтын адамға ниеті дұрыс емес деп қарайды. Ол ең қарапайым сөздер мен ұсыныстардың өзінен айла іздеп тұрады және әңгімелесушінің басына тереңірек «кіруді» ойлап тұрады. Ол бүкіл жерде бәрін бақылауда ұстағысы келеді. Сарышаян, өмір, әдетте, сен ойлағаннан қарапайым және түсінікті. Барлық адам бірдей сені алдағысы келеді деп ойлау қате.
Кекшілдік
Сарышаяндар ренішін ешқашан ұмытпайды. Ол міндетті түрде кек алуды ойлайды. Ал егер біреу оны қатты ренжітсе, ол қарсыласын жойып жіберуге дайын. Оған қоса, бұл жұлдыз белгілерінің өкілдері өте қатаң және күшті интуицияға ие: қарсыласының әлсіз тұсын дәл табады. Сарышаяндар басқалардан гөрі стратегиялық күресті ұзақ жүргізе алады. Егер Сарышаянның жолын кескен болсаңыз, абай болыңыз!
Қызғаншақтық
Сарышаяндар — өзімшіл адамдар. Олар адамдармен өте қиын жақындасады және ең жақын адамының өзіне ешқашан толықтай ашылмайды. Бірақ жақындасқан жағдайда Сарышаян үнемі оны «сатып кететіндей» қорқынышпен өмір сүреді. Оған оның серігі өте көп білетіндей, оның әлсіз тұсын сезетіндей және кез келген сәтте оның жанын жаралайтындай көрінеді. Осы ойлар оған маза бермегендіктен ол бұл жағдайдың алдын алғысы келеді. Мысалы, серігін опасыздыққа немесе пайда күнемдікке кінәлап бастауы мүмкін. Осы әрекеттерінен ол қызғаншақ көрінеді.
Манипуляция жасауға бейімділік
Ол өз басында айналасындағылардың бәрін басқарады. Бұл шындығында олай ма, жоқ па білмейміз. Бірақ олар шынымен де адамдарға өз қалағанын жасата алады. Бұл жерде барлық нәрсе нақты Сарышаянның интеллектісінің, қиялының және адамгершілік қасиеттерінің даму деңгейіне байланысты. Егер өзін-өзі бақылай алатын және өз-өзімен жұмыс істейтін Сарышаян болса, ол өзінің манипуляцияға құштарлығын, мысалы, үлкен коллективті басқаруда іске асырады. Ал егер өмір бойы өзінің жағымсыз тұстарын іске асырып жүрген Сарышаян болса, оның қасында жүрудің өзі өте қиын: өсек айту, адамдарды бір-бірлерімен ұрыстырып қою. Мұндай Сарышаяндар, әдетте, жалғызбасты. Бір жағынан, олар өздерін жалғыз жүргенде жақсы сезінеді, екінші жағынан, ұзақ уақыт жалғыз жүру оны барлық адамгершілік қасиетінен арылтады.
Барлық Сарышаяндардан аулақ жүру керек па? Әрине, жоқ. Бұл жерде барлығы нақты тұлғаға байланысты.
А. Жапатова