Осы айда қандай қателіктерден алшақ болып, қай жағдайда дұрыс шешім қабылдау керегін білу үшін желтоқсан айына арналған жұлдызжорамалды ұсынамыз.
Тоқты (21.03-20.04)
Желтоқсан айы материалдық тұрғыда қуантады. Әсіресе, оның екінші жартысында күш салып, жұмысты жақсы атқарасыз. Сол үшін ойыңыздың бәрі жеке өмірде емес, жұмыста болады. Егер сүйікті адамыңызбен келіспеушілік болғанын қаламасаңыз, бос уақытыңызды оған арнаңыз. Денсаулығыңызға айдың бірінші жартысы қауіпті.
Торпақ (21.04-21.05)
Сізге командалық жобалармен жұмыс істеу керек болады, сондықтан ұжымнан бөлінбеңіз. Жеке өмірде серігіңізді азырақ шектеп, оған бастаманы өз қолына алуына мүмкіндік беріңіз. Жалғыз Торпақтар интернет арқылы қызықты адаммен таныса алады. Кез келген экстремалды әрекеттерден уақытша бас тартып, жол ережесін сақтаңыз.
Егіздер (22.05-21.06)
Желтоқсан айының бірінші жартысында әлі де жақсылап еңбектену керек болады. Жұмыс көп, бірақ оларды орындауға күшіңіз жетеді. Жеке өмірде серігіңізді іздеуді қоя тұрыңыз, әлі алдағы жылда өз бақытыңызды табуға мүмкіндік болады. Ағзаңызда қабыну процестері болуы мүмкін, сондықтан иммунитетті қатайтыңыз және осы айда жолда абай болыңыз.
Шаян (22.06-22.07)
Сізді барлық күшіңізді алатын ауыр жұмыстар күтіп тұр. Бірақ еңсеңізді түсірмеңіз. Себебі бұл ай романтикалық қатынастар үшін жұбын тапқандарға да, жалғызбастыларға да қолайлы болмақ. Хал-жайыңызға аса мән беріңіз: вирустарды жұқтырып алу әдеттегіден де оңай болады. Оның алдын алу үшін иммунитетіңізді көтеруді қолға алыңыз.
Арыстан (23.07-22.08)
Жаңа жыл алдында көбірек ақша тапқысы келетіндер өздерін қолға алып, айдың басынан бастап жұмыс сұрақтарымен белсенді айналысуы керек. Тек өзіңіздің емес, басқалардың да проблемасын шешу керек болуы мүмкін. Жеке өмір сұрақтарын шешуге бұл ай қолайсыз, сондықтан романды алдағы жылға қалдырыңыз. Денсаулыққа келер болсақ, бүйректеріңізді күтіңіз.
Бикеш (23.08-22.09)
Қарашада келген шабыт бұл ай бойы да тыным бермейді. Оны өмірдің барлық саласында қолданып, қиялыңызға ерік беріп, шығармашылық потенциалыңызды ашыңыз. Желтоқсан айы тек шығармашылыққа емес, сондай-ақ махаббат үшін де қолайлы. Ал денсаулығыңыз сізді тек қуантады.
Таразы (23.09-22.10)
Диванда бос жататын кез емес, күш салыңыз, себебі желтоқсан айында кірісіңізді әлі де көтеруге мүмкіндік бар. Бұл ай қоңыраулар, қатынастар мен сапарлар үшін белсенді болмақ. Жеке өмірде желтоқсан айы жұбын тапқан Таразылар үшін сәттірек десе болады. Бұл айда спортпен айналысу ұсынылады.
Сарышаян (23.10-21.11)
Жаңа жылға дейін тек жұмыс сұрақтарымен қатар, жеке өмір проблемаларын да шешіп үлгересіз. Жұп табуға келсек, қатынасыңыз үйленуге дейін бармайды, бірақ жағымды адамдармен танысасыз. Денсаулық бойынша бәрі сіз үшін қолайлы болады.
Мерген (22.11-21.12)
Желтоқсан айы материалдық тұрғыда қуантады. Алайда оның бірінші жартысында күшіңізді сақтап, екінші жартысында лидерлік қабілеттерді көрсету ұсынылады. Жаңа қатынасты бастауды не бастамауды, бар қатынасты қатайтуды не қатайтпауды және романтикаға қанша уақыт бөлуді өзіңіз шеше аласыз.
Тауешкі (22.12-20.01)
Жұмысы сыртқы келбетпен байланысты адамдарды осы ай материалдық тұрғыда қуантады. Бірақ жұмысыңыздың оған түк қатысы болмаса да, уайымдамаңыз, сырт келбетіңіз басқа сұрақтарда пайдасын тигізеді. Егер әлі жалғыз болсаңыз, сізге айналаңыздағылар мән береді. Ал егер серігіңіз болса, ол сізге басқаша көзбен қарайды. Жаңа жыл қарсаңында өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз.
Суқұйғыш (21.01-18.02)
Өнімді еңбек етуге мүмкіндік болады, болашаққа жақсы негіз дайындап қоя аласыз. Сондықтан жұмыста жалқауланбаңыз. Романтикалық қатынасты қоя тұрыңыз. Алайда жұбы барлар серігіңізден алшақтамаңыз. Оған өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді айта алатыныңызды ұмытпаңыз. Денсаулықта проблема болмайды.
Балықтар (19.02-20.03)
Күш салып, алға қойылған мақсаттардың біразын орындауға тырысыңыз. Егер жеке өмірде жалғыз болсаңыз, достарыңызға мән беріңіз. Ал егер серігіңіз бар болса, достық байланысты ұмытпаңыз: қашан соңғы рет тұрмысты емес, ойларыңызды талқыладыңыздар?