Жұлдыздар «Әлемдегі ең үздік әйел» титулын кімге бергенін білгіңіз келе ме? Ендеше, біздің мақаланы оқыңыз.
Шаян
Бірінші орынды Шаяндар алады. Шаяндардың ұраны: үлкен, тату және бақытты отбасы — өмірдегі басты нәрсе. Шаян жұбайға әйел және ана болған ұнайды, әрқашан бірге өмір сүруге ұмтылады. Бұл егер күйеуі жұмыста ұзақ отырып қалса, кешкі ас ішіп үлгермесе немесе ауа райына сай киінбесе, уайымдайтын өте қамқор әйел және ана. Шаян-әйелдің негізгі қажеттілігі — қамқорлық. Оған қамқорлық жасайтын адам болса, ол бақытты. Ол үшін бірінші орында — отбасы.
Шаян-қыз әйел рөлінде гүлдене түседі. Ол туралы былай айтады: «Өзі ақылды, әдемі және күшті үй ханшайымы». Шаян-әйелдер үй шаруаларына жақсы, бала тәрбиесімен жақсы айналысады және үнемі күйеуінің туыстарымен де жақсы қатынаста болуға тырысады. Шаян-әйел отбасысынан ұрыс-керісті өте сирек естисіз.
Бірақ Шаян-әйелдің бір кемшілігі — енжарлық және жайбасарлық. Сондықтан оған бағыт беріп, проблеманы шешуде көмектесу керек. Сондай-ақ Шаян ең ренжігіш және жаны нәзік жұлдыз белгісі саналады. Ол өзінің ренжігені жайлы тіке айта бермейді. Ол айқай шығармайды, сізді үндемей қинайды.
Балықтар
Екінші орын Балықтар белгісіне жатады. Балық-әйелдер арманшыл, нәзік және романтикалық болмысқа ие. Балық-әйелдер өз сүйіктісінің артынан жердің шетіне дейін баруға және махаббаты үшін күркеде тұруға дайын. Олар махаббат пен сезімді әрқашан материалдық ауқаттылықтан жоғары қояды.
Ол серігін жақсы етіп көрсетуге бейім. Күйеуінен көңілі қалса, басқа махаббатын іздейді. Ол үшін сезім бірінші орында. Ол өте тартымды, шығармашыл, қызықты және көп жақты. Онымен ешқашан ішіңіз пыспайды.
Мұндай әйелді үнемшіл деп айту қиын. Ол қолына түскен ақшаны бірінші күні-ақ жұмсап тастайды. Жауапкершіліктерден барынша алшақ болуға тырысады. Ол отбасыдағы тұрмыстық заттарға қарағанда эмоционалдық жайлылыққа көбірек мән береді.
Бикеш
Үшінші орынға Бикештер орналасады. Егер ең жақсы дос пен серік іздесеңіз, онда Бикештерге үйленіңіз. Ол күйеуі мен әйелді жай жұбайлар ғана емес, бір бүтін деп санайды. Ол өмірдің барлық аспектілерін біледі, сондықтан романтикаға немесе эмоционалды жарқылға күш те, уақыт та жетпейді. Бұл әрине, нақты қиындықтар тудыртуы мүмкін, бірақ егер сіз үшін некедегі роматика маңызды емес болса, онда сізге онымен жайлы болары анық.
Бикеш-әйел өте жақсы үй ханшайымы. Ол тазалық пен реттілікті жақсы көреді. Бикештердің сүйікті сөзіне «солай болу керек» жатады. Ол ережені сақтағанды жақсы көреді және оны басқа отбасы мүшелерінен де талап етеді. Ол нәрсе қалай болуы керегін айтып, күйеуіне тиісе береуі мүмкін. Жақсы неке болуы үшін екеуінің отбасылық өмір жайлы көзқарастары мен қызығушылықтары бірдей болуы керек.
Қатынаста басшы болуға талпынады. Бірақ оның табиғи даналығы оны ашық түрде жасауға жол бермейді, дегенмен оның ақыл күші, іскерлігі және аналитикалық ойлауы оны күйеуімен білдіртпей теңестіреді. Бикештер кек сақтағыш, сондықтан оны ренжітерде жақсылап ойланыңыз.