Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Суқұйғыш жігіт пен тауешкі қыздың бір-біріне сәйкестілігі –78%.
Жұлдыздардың айтуы бойынша, екеуі бір-бірімен өте жақсы сәйкеседі. Отбасы құру мүмкіндігі жоғары. Соған қарамастан, қарым-қатынас барысында екеуіне үлкен төзім қажет болады. Суқұйғыш жігіт көбіне мойнына алған мәселесін шешуге қауқарсыз келеді. Тауешкі қыз суқұйғыш жігіттің отбасы мәселелерін өз қолына алғанын қалайды. Суқұйғыш жігіт еркіндікті қалап, көбіне "ешкім ешкімге ештеңе міндетті емес" деген ұстаныммен өмір сүреді, жауапкершіліктен қашады. Ол бір күнмен өмір сүретін адам болғандықтан, көбіне болашақты терең ойлай бермейді. Сондықтан қолында бар ақшаны бір күнде жұмсап тастауға дайын. Тауешкі қыз суқұйғыш жігітке болашақтағы жоспарлары туралы жиі айтып, оның мазасын алады. Бірақ арада бала пайда болғанда, шағын реніштер ұмтылып, бар назар балаға ауады, суқұйғыш жауапкершілігі жоғары әке, тауешкі барлық бос уақытын бала тәрбиесіне жұмсайтын қамқор анаға айналады.
Тауешкі қыздың сырт келбеті өте әдемі, әзілге жақын. Олар – маңдайы жарық, талғамы жоғары адамдар. Тауешкі қыздар жас келбетін ұзақ уақытқа сақтайды. Ол – дана, терең ойлай біледі, сәттілік шыңына ұмтылады, ол бір нәрсеге жетуге тырысса, тауешкіні тоқтату мүмкін емес. Тауешкі қыз басқарғанды ұнатады, сондықтан, суқұйғыш жігіт сүйгенінің тарапынан көп қысым көреді.
Суқұйғыш жігіттің жаны романтиканы, шексіз махаббатты қалайды, ал тауешкі әйел кіріс-шығысты есептеп, ақшаға жақын келеді. Суқұйғыш жігіттің жанына көп адам жиналады, сондықтан досқа бай. Суқұйғыш жігіттің ойы жүйрік, миы жаңа идеяларға толып жүреді. Олар – өз қиял әлемінде өмір сүретін адамдар. Мейірімділік, сабырлылық – суқұйғышқа тән мінез. Десе де көп жағдайда өздеріне аса тән емес әрекеттерімен айналасын таңырқатады. Егер суқұйғыш жігіт бір кетсе, оны қайта оралту мүмкін емес. Ол өмір бойы сенімді серік бола біледі, ешкімді қиын жағдайда жалғыз қалдырып кетпейді. Суқұйғыш жігіт қырсық, бірбеткей болса, тауешкі қыз бұйрық бергенді ұнатады.
Екеуі де тек өздері үшін ғана емес, қоғам үшін де үлкен іс атқаруға ұмтылады. Екеуін бақытты ететін бір қасиет – кішіпейілділік, жұмсақтық. Жұлдыздар суқұйғыш жігіт пен тауешкі қыздың арасындағы қарым-қатынастың тұрақты болатынын айтады. Суқұйғыш жігіт екіжүзді, өтірікші, тұрақсыз қыздарды жек көреді, ал тауешкі қыздың бойында ондай қасиеттер атымен жоқ. Тауешкі қыздың мінезі тік, адал, суқұйғыш жігіт те жан тазалығына мән береді. Суқұйғыш жігіт өзіне тән ережемен өмір сүреді, тауешкі қыздың да өз ережелері бар. Суқұйғыш жігіт пен тауешкі қыз бір-бірін толықтырып, бір бүтінге айнала алады. Бұндай үндестік бір-бірін кемшіліктерімен бірге қабылдай алған жұпта ғана болмақ.
Ұқсас жазбалар:
Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?
Жұлдыз жорамал бойынша жақсы жағың мен кемшілігің
Жұлдыз жорамал. Жігіт – сарышаян, қыз – таразы
Сурет: 1ms.net