- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал. Жігіт...
Жұлдыз жорамал. Жігіт – сарышаян, қыз – таразы
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Сарышаян жігіт пен таразы қыздың бір-біріне сәйкестілігі – 64%.
Жұлдыз жорамал бойынша жігіт – сарышаян, қыз – таразы белгісінде туылған болса, олардың арасындағы қарым-қатынас қалай өрбиді екен? Біздікі тек болжам, десе де кей кезде жұлдыздардың айтқаны айдай келетіні де жасырын емес.
Сарышаян жігіт пен таразы қыздың арасында қарым-қатынас өте сирек болады, себебі, екеуінің ортасы екі бөлек. Екі бөлек адам бола тұра, кездесіп қалып, қыз бен жігіт болып жүріп кеткен жағдайда олардың қарым-қатынасы эмоционалды-энергетикалық алмасуға негізделеді. Таразы қыз сарышаян жігітті өз бақылауында мықтап ұстай алады, сондай-ақ ол сарышаянды ешкімге де алмастырмайды. Өйткені сарышаян жігіт – барлық жағынан таразы қыздың көңілінен шығады. Сарышаян жігіт таразы қызбен сөйлесу барысында өзі үшін көптеген жаңа мәліметке қанығады. Әсіресе сарышаян жігітті таразы қыздың қоғам, әлеумет жайындағы ойлары қатты қызықтырады.
Сарышаян жігіт таразы қызды өзіне магнитше тартады. Өйткені сарышаян жігіттің түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы таразы қызды қатты қызықтырады. Олардың отбасылық өмірі материалдық жағдайдан биік тұрады. Өйткені сарышаян жігіт пен таразы қыз көбіне алғыр, шығармашылық адамдары болып келеді. Десе де өзара үндестікті табу өте қиын. Әлсіз, өз-өзіне сенімсіз таразы қыз тұрақты, күш-қуатқа толы сарышаян жігіттің жүйкесін жұқартуы мүмкін. Сарышаян жігіт – салмақты, өз-өзіне сенімді, басқаруды ұнатады, ал таразы қыз – әділ, жараланғыш, нәзік. Қыз көбіне жігітінен романтиканы күтеді, бірақ, сарышаян жігіттің жаны романтикаға жақын емес. Таразы қыз сүйгеніне эмоционалды түрде тәуелді және жігітінен ештеңе жасырмайды. Қыз сөйлескісі келгенде, жігіт үнсіз қалуды құп көреді, қыз мақтауды күткенде, жігіт жылы сөзін айта бермейді, қыз қиналып жылағанда, жігіт жай ғана "уайымдама, бәрін өзім шешемін" дейді. Сарышаян жігіт пен таразы қыздың бұндай әрекеті арадағы қарым-қатынастың үзілуіне әкелуі мүмкін.
Таразы қыз жұлдыздар ішінен сарышаян жігітке жалғыз өзі әсер ете алады. Басында жігіт қыздың өзіне қарсы сөз айтқанына таңырқауы мүмкін, кейін келе еті үйреніп кетеді. Сарышаян жігіт өзі байқамастан қызының дұрыс кеңестеріне құлақ асады. Сырт көзге екеуінің бастығы сарышаян болып көрінсе де, негізі көбі таразының айтқаны бойынша орындалып жатады. Бірақ таразы қыз сарышаян жігітін сырт көзге бір саты биік етіп көрсетеді.
Сарышаян жігіт пен таразы қыз үйленген жағдайда, жігіт бақытты болады. Ол таразы қызды бір ұстап алған соң, ешқайда жібермейді. Бірақ арада бала пайда болғанда, бәрі өзгермек. Сарышаян жігіт үлгілі әкеге, таразы қыз қамқор анаға айналып, берекелі отбасын құрмақ. Сарышаян жігіт те, таразы қыз да өмірінде бір рет қана шаңырақ көтергенді құп көретіндіктен, ажырасу туралы ойларына да алмайды. Егер сарышаян жігіт пен таразы қыз бірлесіп бизнес ашса, әлдебір істі бірге қолға алса, бір-бірін түсініп, тату-тәтті өмір сүрмек.
Ұқсас жазбалар:
Жұлдыздар жігіттер жайлы не дейді?
Жұлдыз жорамал бойынша жақсы жағың мен кемшілігің
Жұлдыз жорамал. Жігіт – суқұйғыш, қыз – тауешкі
Сурет: luxfon.com
Р. Роза