Жұлдыз жорамал: 31.09.2015 - 06.09.2015

Жұлдыз жорамал: 31.09.2015 - 06.09.2015
Фото: rudaki.ru

Қиналғанда иығын тосып, демеу болатын адамыңның бар болғаны үлкен бақыт. Қанша жерден суық болса да, жылыта білетін бұл жанды аялай біліңіз. Өзгеге демеу болыңыз.

Тоқты

Денсаулығыңыз сыр беріп, қатты ауырасыз. Инфекциялық ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Ішімдік ішпеуге тырысыңыз. Уақытыңызды үнемдей алмағандықтан, көп істе жолыңыз болмайды.

Торпақ

Махаббат мәселесінде қиындықтар туындайды. Жақын күндердің бірінде жолықтыратын бейтанысыңыз өмірлік жарыңыздай көрінеді. Алайда сезімге берілуге асықпаңыз. Дәл қазір өзіңізді өзіңіз алдап жүрсіз.

Егіздер

Көптен бері отбасыңызбен бір дастархан басында отырып, әңгімелескенді қалап жүрсіз. Өкінішке орай, бұл ойыңыз жүзеге аспайды. Қызметке байланысты қиындықтар туындайды. Басшылық қиын тапсырма береді. Осының салдарынан отбасыңызға көңіл бөлуге уақыт таппайсыз. Үй мен жұмыстың арасында шапқылап жүруге мәжбүр боласыз.

Шаян

Жұлдыздар айналаңыздағылармен тығыз қарым-қатынаста болмауға кеңес береді. Өйткені олар сізді алдауы мүмкін. Дәл қазір құжаттарға қатысты жұмыстарды шетке ысырыңыз. Оларды реттеймін деп көп қате жібересіз. Қызметте өзгерістер болады. Өкінішке орай, бұл өзгерістердің сізге еш пайдасы жоқ.

Арыстан

Дәл қазір ақшаға қатысты мәселелерді ретке келтіретін уақыт. Мұнымен қатар, осы апта ішінде пайдасыз зат сатып алуыңыз мүмкін. Сондықтан жұлдыздар аптаның соңына дейін қымбат зат сатып алмауға кеңес береді. Сыртқы келбетіңізді өзгертуге байланысты шешім қабылдайсыз. Бірақ сыртқы келбетіңізден бұрын жан-дүниеңізді ретке келтіргеніңіз жөн.

Бикеш

Техниканы пайдаланған кезде барынша сақ болыңыз. Бір жеріңізді жарақаттап алуыңыз мүмкін. Сүйіктіңіздің адалдығына күдіктенесіз. Одан бұл туралы ашып сұрамағаныңыз жөн. Ол сізді өмір бойы кешірмеуі мүмкін.

Таразы

Иммунитетіңіз қатты әлсірейді. Тіпті біраз уақыт бойы жұмысқа бармай қалуыңыз мүмкін. Дәрілерді мөлшерден тыс ішуден сақтаныңыз. Белгілі бір себептерге байланысты өз пікіріңізді қорғаудан бас тартасыз.

Сарышаян

Құрбы-құрдастарыңызбен ренжісесіз. Олардың адал дос екеніне күмән келтіресіз. Алайда асығыс шешім қабылдаудан сақ болыңыз. Сіз өзгелердің пікіріне еріп кетуіңіз мүмкін. Бар ойыңызды жұмысқа бағыттағаныңыз жөн.

Мерген

Қызметте дәрежеңіз өседі. Жаңа жұмыс ұсынады. Ұсынысты қабылдамас бұрын, отбасыңызбен кеңесіңіз. Олар дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Махаббат мәселесінде қиындақтар туындайды. Тіпті сүйіктіңізбен айырылысып кетуіңіз мүмкін.

Тауешкі

Әзірге бейтаныс адамдарға сырыңызды ашпағаныңыз жөн. Әсіресе әлеуметтік желіде танысқан достарыңызға. Діни ұйымдардан сақтаныңыз. Олар сізді алдап, жаман істер жасатуы мүмкін.

Суқұйғыш

Ақшаға байланысты қиындықтарды кейінге қалдырыңыз. Дәл қазір ненің дұрыс немесе бұрыс екенін анық білмейсіз. Көлік жүргізген кезде, алыс жаққа саяхаттағанда абай болыңыз. Өзіңізге немесе көлігіңізге зақым келеді.

Балықтар

Сүйіктіңіздің сөзіне бірде сенсеңіз, енді бірде күмән келтіресіз. Оған барынша сенім артуға тырысыңыз. Сол кезде барлығы да ретке келеді. Оған отбасылық бюджеттегі ақшаны оңды-солды шашуға мүмкіндік бермеңіз.

Қ. Бүйенбай