Бұл аптада қолда барды қанағат тұтуға тура келеді. Айналадағылармен күресудің орнына серіктес болыңыз. Аз сабыр танытсаңыз, көп сұрақтың жауабын табасыз. Бойыңыздағы сенімділіктің артуына көмек сұрап келетін достарыңыз себепші болады.
Тоқты. Апта ішінде ескі заттарды жаңасымен алмастырасыз. Аңсап жүрген тәуелсіздігіңізге қол жеткізіп, қиындыққа қарсы тұрасыз. Кезінде атақты әнші Цой «Біздің жүрегіміз өзгерісті қалайды!» демекші құбылуды жөн көресіз. Бірақ жүйкені жұқартатын жұмыстарды кейінге қалдырғаныңыз абзал.
Торпақ. Үкім жарияламас бұрын, айыпты екенін айқындайтын нақты дәлелдер болуы тиіс. Әзірге аса маңызды шешімдер қабылданбағандықтан, жұлдыздар асықпауға кеңес береді. Яғни біреуге сыртынан баға бермеңіз.
Егіздер. Осы аптада ерекше шапшаңдыққа ие боласыз. Алғашында уақыттың тығыздығына байланысты үнемі асығып жүргенмен, артынша сапаға да мән беруге тырысасыз. Және ақшаны жұмсау мәселесіне ерекше көңіл бөліңіз.
Шаян. Бұл аптада дәл мысықтар секілді еркін жүрсеңіз де, еш жаман әрекет жасамайсыз. Мұнымен қатар көптен бері ренжісіп қалған достарыңызбен қайта татуласасыз.
Арыстан. Қуанышыңызға орай, өзіңіз жасағыңыз келмеген істі аз ақшаға орындайтын адамды оңай табасыз. Бұдан өзге көптен күтіп жүрген адамды жолықтыруыңыз ғажап емес.
Бикеш. Қарсы алдыңызда тұрғанға қолыңыз жетпей әуре-сарсаңға түсесіз. Алайда сол «алтынға» қол жеткізсеңіз де, көңіліңіз толмайтын болады. Сондықтан осы аптада ие болатын олжаңызға бола қуанбаңыз.
Таразы. Үнемі ұйымдастырушылықты өз мойныңызға алудан шаршап, бұл жолы серігіңіздің бірінші болып қадам жасағанын күтесіз. Бірақ бұл әрекетіңізді олар басқаша түсініп қалуы мүмкін. Сондықтан бұрынғыша батыл болыңыз.
Сарышаян. Жұлдыздар ойыңызды барынша жинақтап, ситуацияны жан-жақты бақылауға кеңес береді. Сіз ақшаны дұрыс жұмсап жүрсіз бе? Мүмкін бір нәрседен бас тартқаныңыз жөн болар.
Мерген. Тағдырдың сыны қанша қатал болса да, өмір бағытын жақсы арнаға бұру мүмкіндігіңіз бар. Сізге нақты шешім қабылдап, қандай жағдай болмасын оны орындауға бел буу керек. Қалғаны өздігінен орынға келеді. Қысқасы еш аялдамай, алға жүре беріңіз.
Суқұйғыш. Жұлдыздар жақсылап ойланып, болашаққа жоспар құруға, демалуға кеңес береді. Өкінішке орай, осы аптада күш-қуатыңыз аз болатындықтан, көп ұйықтап, күтінгеніңіз абзал.
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru