Жұлдыз жорамал: 29.08.2016-04.09.2016

Жұлдыз жорамал: 29.08.2016-04.09.2016
Фото: marieclaire.com

Күздің алғашқы парақтары ашылғалы жатыр. Күз мезгіліне қандай жоспарыңыз бар?

Тоқты

Тоқтылардың осы аптада махаббатта жолы болады. Сүйіктісімен қыдырып, жаздың соңғы күндерін шығарып салады. Ал қаржы мәсесесінде тығырыққа тірелуі мүмкін. Бірақ, бұған бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Оқыс жағдайлардан сақ болыңыз: алдағы күндері электр құрылғыларынан қауіп төнуі мүмкін.

Торпақ

Торпақтар аптаның басында қуанышты күй кешеді. Жұмыста да, үйде де тыныштық орнап, бір жайлы аура пайда болады. Емделу үшін қолайлы уақыт туады. Жұлдыздар жар таңдауда қателеспеуді тағы есіңізге салады. Үлкен өмірге сенімді қадам басу үшін болашақ жарыңыздың адами қасиеттеріне мән беріңіз.

Егіздер

Егіздер аптаның басын роматикалық кездесуге арнамақ. Махаббаттың жаулап алатыны соншалық, айналада болып жатқан дүниелерге көңіл бөлуден қаласыз. Түрлі концерт, шара, ойын-сауық кештерін өткізіп алмауға тырысасыз. Ал шаңырақ құрған Егіздер 1 қыркүйекке дайындалып, балаларды жаңа оқу жылына алып барады. Жас ата-ана үшін жауапты сәт туады.

Шаян

Шаяндар бұл аптаны туған-туыстарына, ата-анасына арнаған жөн. Күздің алғашқы күндерін туғандардың жанында қарсы алып, күзгі өніммен бөлісуге оңтайлы кезең. Ал аптаның екінші бөлігінде мойныңызға үлкен жауапкершілік артылайын деп отыр. Одан бас тартамын деп ойламаңыз.

Арыстан

Арыстандар бұл аптаны достары мен бауырларының арасында өткізеді. Олар сізді көңілді кештерге, ойын-сауыққа шақыруы мүмкін. Тіпті, романтика мен шытырман оқиғаларға толы саяхатқа шақырса, бас тартпаңыз. Үлкендермен сөзге келіп қалудан сақ болыңыз. Ап аптаның екінші бөлігін шығармашылыққа арнаған жөн.

Бикеш

Бикештер осы аптада материалдық мәселелерін шешеді. Өзіңізге және жақындарыңызға сыйлық жасай аласыз. Бұл апта жаңа достармен танысу үшін қолайлы кезең емес. Әркімнің сөзіне сене бермеңіз. Егер ата-анаңыз шаңырақ құруға үгіттеп жүрсе, тілектерін орындауға тырысыңыз.

Таразы

Таразылар бұл аптаны көңілді өткізеді. Бойыңызда эмоционалды және шығармашылық серпінді байқайсыз. Бұл сезімді әсіресе, нәзік жандылар сезінеді. Жұлдыздар Таразыларға ел алдына, көшеге шығуға кеңес береді. Сізді қатты қуанта алатын бір-ақ жан бар. Ол – сүйіктіңіз. Сіз де оған бір кезек қуаныш сыйлап жүріңіз.

Сарышаян

Сарышаяндар бұл уақытта тыныштық пен сабырлықты іздейді. Жұлдыздар мұндай уақытта жалғыз жүріп, тыныш бөлмеде тынығуға кеңес береді. Бұл апта рухани күш жинау үшін қолайлы кезең. Туған-туыстарыңызбен араңыз суық болса, кикілжіңге дейін жеткізбеуге тырысыңыз. Аптаның екінші бөлігін махаббатқа арнаған жөн.

Мерген

Мергендерді бұл аптаның басында достары мен таныстары мерекелік кешке шақырғалы отыр. Бұл жаңа оқу жылымен байланысты болмақ.  Бас тартпаңыз, олардың да, өзіңіздің де көңіліңізді көтеріңіз. Әрбір адаммен ашық сөйлесіңіз. Жалғыз қалуға, жалғыздыққа бой алдыруға жол бермеңіз. Өзгелер ойыңызды өзгертуге талпынғанын сезсеңіз, өз пікіріңізде қалуға тырысыңыз.

Тауешкі

Тауешкілер бұл аптаны сәтті қадамнан бастамақ. Мақсатқа жету үшін талпынған күш-жігер оларды биікке жетелейді. Қоғамдық ортада дәрежеңіз артып, достар арасында беделіңіз көтеріле түседі. Ал аптаның екінші бөлігінде шаршап қалуыңыз мүмкін. Сол себепті жақсылап тыныққаныңыз дұрыс.

Суқұйғыш

Аптаның басында Суқұйғыштардың білімге деген қызығушылығы оянады. Рухани-философиялық салада өзінің білімін арттырады. Мәдени ортаға тап болып, түрлі жөн-жоралғылармен танысады. Мерекелік шараларда белсенділік танытып, сыйақы алуы да ғажап емес.

Балықтар

Аптаның басында Балықтар құпия істерге тап болуы мүмкін. Егер ешкімге тіс жармай жүрген махаббатыңыз болса, сақ болыңыз. Көрген түсіңізді өзгелерге айта бермегеніңіз дұрыс. Ал аптаның екінші бөлігінде беделді адаммен кездесуіңіз мүмкін. Кикілжіңнен аулақ болыңыз. 

Г. Берік