Жұлдыз жорамал: 28.12.15 - 03.01.15

Жұлдыз жорамал: 28.12.15 - 03.01.15
Фото: rudaki.ru

Жасымыз ұлғайған сайын мерекелердің қызығы азая беретін секілді. Десе де барлығы тек өзіміздің қолымызда екенін ұмытпайық.

Тоқты

Бұл апта сіз үшін ерекше болмақ. Алыс елге саяхаттайсыз. Егер таңдау мүмкіндігі түсіп тұрса, таныстарыңыз жоқ, тыныш аймақты таңдауға тырысыңыз.

Торпақ

Жаңа жыл мерекесі өтетін аптаны жақын достарыңызбен бірге өткізгеніңіз жөн. Мүмкіндігінше қиялыңызға ерік беріп, бұрын-соңды жасай алмай жүрген идеяларыңызды жүзеге асыруға кеңес береміз. Мәңгілік жадыңызда сақталатындай бірнәрсе жасаңыз.

Егіздер

Қызметте жоғарылап, жолыңыз болады. Сізге жалақысы жоғары қызмет ұсынады. Әрине, бұл сіз үшін ауыз толтырып айтатындай өзгеріс емес. Келер жылдың ойдағыдай өткенін қаласаңыз, оны беделді тұлғамен бірге қарсы алыңыз. Өкінішке орай, сүйіктіңізбен тіл табыса алмай қиналасыз. Сондықтан жылы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін барынша шыдамды болуға тырысыңыз.

Шаян

Туристік саяхатқа аттануға кеңес береміз. Дәл қазір сізге ерекше көңіл-күй жетіспей жүр. Жаныңызға сүйіктіңізді алып алсаңыз болады. Онымен сыр шертісіп, көкейде жүрген көп сұрақтың жауабын аларыңыз анық.

Арыстан

Жаңа жыл қарсаңында жағымсыз әдеттеріңізден арылғаныңыз жөн. Келесі жылы өміріңіздің мүлдем басқаша болатынын ескеріңіз. Ұйқыны қатты жақсы көресіз. Десе де ерте тұрған еркектің бір ісі артық екенін ұмытпаңыз. Сізге тек жамандық әкелетін адамдармен араласпауға тырысыңыз. Олар босқа уақытыңызды шығындап, әуреге салады.

Бикеш

Жаңа жыл қарсаңында өмірлік жарыңызды жолықтырасыз. Қуанышыңызға орай, отбасыңызда тұрақтылық орнайды. Уақыт өте келе сүйіктіңіз идеалыңыздай көрінуі мүмкін.

Таразы

Жұмысыңызды жақсы көріп, оны асқан ыждахаттылықпен орындайсыз. Осының арқасында жоспарлаған бар жұмыстарыңызды орындайсыз. Мұнымен қатар, көптен бері көкейіңізде жүрген арманыңызды орындағаныңыз жөн.

Сарышаян

Дәл қазір сіздің қатты қиналып жүргеніңізді білеміз. Бірақ күйзелістен өзіңізді өзіңіз құтқармасаңыз, құрдымға кетуіңіз мүмкін. Дәл қазір – романтикалық кездесулер ұйымдастырып, жақсы көретін әртістеріңіздің концертіне баратын уақыт.

Мерген

Жаңа жылды отбасыңызбен қарсы алғыңыз келеді. Дәл қазір отбасыңызбен қарым-қатынасыңызды ретке келтіріп, олардан кешірім сұрайтын уақыт. Үйіңізге қонақтар шақырыңыз. Мұның барлығы сізге тек пайдасын тигізеді.

Тауешкі

Жұлдыздар жақын адамдарыңызбен көбірек сөйлесуге кеңес береді. Өкінішке орай, махаббат мәселесінде қиындық туып, сүйіктіңізбен ренжісіп қалуыңыз мүмкін. Барынша сабырлы болуға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Қаржы мәселесіне байланысты барлық қиындығыңыз реттеліп, қалтаңыз қалыңдайды. Жаңа адамдармен көбірек танысуға тырысыңыз. Өйткені олардың барлығы сіз тек жағымды әсерін тигізеді.

Балықтар

Әдетте көңілсіз, ешкімге соқтықпай жүресіз. Бірақ осы аптада барынша достарыңызбен бірге жүріп, көңіл көтеруге тырысыңыз. Жаңа жылда айтқан арманыңыз көп ұзамай орындалады. Осыны есіңізден шығараңыз.

Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Күндеріңіз сәтті өтсін!

Қ. Бүйенбай