Жұлдыз жорамал: 28.09.2015 - 04.10.2015

Әр адам бақытты болуға лайық. Бақытты болудың бір ғана жолы бар. Ол - өзіңе де, өзгеге де жақсылық жасау.  

Тоқты

Осы күнге дейін жасаған жақсылықтарыңыз бен еңбегіңіздің құны толықтай өтеледі. Дәл қазір сізге еркіндік қажет. Осы апта ішінде қалаған затыңызды сатып аласыз. Көп жерді аралап, адамдармен оңай тіл табысасыз.

Торпақ

Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Жақын достарыңызбен өзіңіз туралы сөйлесіңіз. Аптаның соңына қарай жұмысқа орналасып, көп табысқа кенелесіз.

Егіздер

Дұшпаныңызға айналған жандармен қарым-қатынасыңызды үзіп, жаңа достар табасыз. Жаңа достарыңызбен қызығушылықтарыңыз ортақ болады. Ескі достарыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Сізге тыныштық керек. Өзіңізге ұнайтын іспен ғана айналысқаныңыз жөн.

Шаян

Дүйсенбі күні күшіңіз тасып, тау мен тасты қопаруға дайын боласыз. Ең бастысы, осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Достарыңызға жеткен жетістіктеріңізді айтып, мақтанасыз. Айналаңыздағы адамдарға зер салыңыз. Олар арам ниетті болуы мүмкін.

Арыстан

Бастаған ісіңізді аяқтайсыз. Бастығыңызбен көңіліңіз толмай жүрген дүниелерді талдағаныңыз жөн. Демалыс күндері достарыңызға көңіл бөліңіз. Олар қуанып, сізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Бикеш

Дүйсенбі күні ақшаға қатысты мәселелерді ретке келтіресіз. Осы күні қарыздарыңызды өтегеніңіз жөн. Алыстағы ағайындарыңызбен жолығасыз. Соңғы кезде жұмысқа көп көңіл бөліп жүрсіз, бірақ отбасыңыздың бар екенін де ұмытпаңыз.

Таразы

Сүйіктіңізге ұсыныс жасап, отбасын құрасыз. Ақшаға қатысты қиындықтар оңай шешіледі. Шетелге саяхаттайтын болсаңыз, жолыңыз болады. Жұмыстағы міндеттеріңізді ұмытпаңыз.

Сарышаян

Массаж жасатып, сергіп алыңыз. Соңғы күндері қатты шаршап жүрсіз. Сүйіктіңізбен, әріптестеріңізбен арада қиындықтар туындайды. Эмоцияға ерік бермеңіз.

Мерген

Бастаған жобаңызды осы аптада аяқтайсыз. Балаларыңызға қатысты болып жатқан қиындық та шешіледі. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Осы аптада бейтаныс адамдармен жолығасыз.

Тауешкі

Көп нәрседен бас тартқыңыз келіп жүрген сияқты. Өткен өміріңіздегі қателіктерді қайта болдырмаңыз. Қиындыққа тап болсаңыз, ситуацияға сай шешім қабылдаңыз. Сүйіктіңіздің жанында көбірек болуға тырысыңыз. Ол көңіл-күйіңізді көтереді.

Суқұйғыш

Ренжісіп қалған ағайындарыңызбен қайта татуласасыз. Алыстан хат пен жаңалық күтіңіз. Үй жұмыстарына да көңіл бөліңіз. Аптаның соңына қарай мерекелік кешке немесе кездесуге барасыз.

Балықтар

Жалақыңыз өсіп, несиеңізді толықтай жабасыз. Гардеробыңызды жаңартатын уақыт келген сияқты. Достарыңыз тойға шақырады. Шақырған жерден қалмаған жөн.