- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 28.07.2014...
Жұлдыз жорамал: 28.07.2014 - 03.08.2014
Назарларыңызға 28.07.2014 - 03.08.2014 уақыт аралығына арналған жұлдыз жорамал ұсынамыз. Бұл аптада тоқтылар жұлдыздай жарқырайды.
Тоқты. Олар бұл аптада жұлдыздай жарқырайды. Әрбір тоқтының бойында бұғып жатқан талант бар. Жақын уақытта сайыстың жеңімпазы атанасыз. Мұнымен қатар, демалып алғаныңыз да жөн. Көп уақытты махаббат хикаяларына жұмсайтын боласыз. Көптің көңілінен шығамын деп танытқан қаһармандығыңыз өзіңізге зиянын тигізуі мүмкін. Жұма күні «Мен барлығың сияқты емеспін» деп жар салудың қажеті жоқ. Мұны жақын адамдарыңыз дұрыс түсінбеуі мүмкін. | ||
Торпақ. Олар осы аптада отбасына қатысты мәселелерді шешумен болады. Дүйсенбі күні естіген ақпаратыңыз расталып, қажет адаммен жолығасыз. Сейсенбі мен бейсенбінің аралығында бастаңғыларға шақырту аласыз. Қызметіңіздің бар екенін мүлдем ұмытып, жүрегіңізге жақын істермен айналысасыз. Жұма күні таңдау жасауыңызға тура келеді. Сенбі күні шаршап, жексенбі күні өзге бір адаммен бірігіп жұмыс істейсіз. | ||
Егіздер. Олар осы аптада жаңа жерлерге барып, табысқа кенеледі. Жаңалықтардан хабардар болып, бір нәрсені үйренуге талпыныс жасайсыз. Кітап, компьютер, телефон сатып алуыңыз мүмкін. Сейсенбі күні үйде демалып, белсенді өмірге дайындалғаныңыз жөн. Сәрсенбі күні күш-қуатты тауысып алмас үшін, көп уақыт серуендеуден бас тартқаныңыз абзал. Бұдан өзге өзіңізге мүлдем қажет емес іске кірігіп, сырт келбетіңізге зақым тигізетін хабар естуіңіз мүмкін. Демалыс күндері той-томалаққа дайындалып, сырт келбетіңізді өзгертуге талпыныс жасайсыз. Сәннің соңғы жаңалықтарынан хабардар болып, сұлулық салонына, фитнес залдарға жиі баратын боласыз. Бояну, шаштараз, йога сынды курстарға жазыласыз. | ||
Шаян. Олар бұл аптада қаражат жетіспеушілігіне тап болады. Түрлі жұмыс іздеп, шығармашылықпен айналысасыз. Қолданбалы өнерге деген сүйіспеншілігіңіз артады. Эстетикалық талғамыңыздың арқасында таңғажайып туындылар жасайсыз. Сырт келбетіңізді ретке келтіру туралы көп ойланасыз. Осы мақсатпен қымбат фитнес залға, сұлулық салонына жазыласыз. Мұнымен қатар жұмаға дейінгі аралықта үлкен белсенділікке ие боласыз. Алайда сенбі күні сұлулық салонына, жексенбі күні спорт залына барудан бас тартыңыз. | ||
Арыстан. Осы аптада арыстандар бар күш-жігерін өзін қалпына келтіру үшін жұмсайды. Айналаңызда болып жатқан барлық іске белсенді түрде араласасыз. Қай жерде жүрсеңіз де, көпшіліктің көзайымына айналасыз. Сізді барлығы да құрметтеп, жақсы көретін болады. Алдында тұрған мүмкіндіктеріңіз де көп. Дүйсенбі күні сұлулық салонына жазылуыңыз мүмкін. Сейсенбі күні назарыңызды сатып алатын заттарға, қолда бар ақшаның мөлшеріне, жалақыңызға аударғаныңыз жөн. Сәрсенбі күні жақындарыңызбен тіл табыса алмауыңыз мүмкін. Ал жұма күннен бастап сөзшеңдікке ие боласыз. Форумда ой бөлісіп, пікірлеріңізді алға тартасыз. | ||
Бикеш. Бикештер табиғат аясына жиі шығып демалып тұрмаса, тағдыр ауруханаға апаруы мүмкін. Дүйсенбіде көңіл-күйіңіз түсіңкі болады. Ал сейсенбі күні көңіл-күйіңізді қалпына келтіріп, оптимистік қабілетке ие боласыз. Түйсігіңіз ерекше дамып, сыртқы келбетіңізге мән бересіз. Жұмаға дейінгі уақыттың барлығын да достарыңызбен бірге өткізесіз. Ал жұмадан кейінгі өміріңіздің қандай болатындығы білген құпияңызға байланысты. Бір құпияны білген соң өзгелерге сыр бермеуге мәжбүр боласыз. Демалыс күндері жағымсыз адаммен жолығасыз. Жолыға салысымен істің мән-жайын анықтауға кірісіп кетуіңіз әбден мүмкін. | ||
Таразы. Олар осы аптада қоғамға көмек көрсетіп, әлеуметтік желідегі достарымен жақсырақ тіл табысады. Бұдан өзге қызметте табысқа кенеледі. Жоғарылаған қызметіне сай келу үшін таразылар біраз күш жұмсайды. Алда үлкен отырыс пен қызметтік махаббат хикаясы күтіп тұр. Дүйсенбі күні жұмыс істеуге көптеген кедергілер туындайды. Жұма күні кедергі жасаушылардың көптігіне қарамастан, жұмыс табысты болады. Ең бастысы – өзгелердің пікіріне құлақ аспау. | ||
Сарышаян. Сарышаяндар бірбеткей, энергияға толы болады. Осы қасиеті оларды үлкен жетістікке жеткізеді. Әрине, арада біреумен жанжалдасып, аталған қасиетін жоғалтып алмаса. Олардың белсенділігі мақсатты болуы тиіс. Ал осы аптада күш-қуатыңызды зиялы қауыммен тіл табысу үшін жұмсайсыз. Табыс үшін күрес жүргізген дұрыс, бірақ толағайдай күшіңізді спортқа арнауды да ұмытпаңыз. | ||
Мерген. Олар осы аптада әлемнің қаншалықты кең екендігін білетін болады. Біреулері шетелге аттанады немесе өзге ұлт өкілімен қашықтықтан интернет арқылы ұзақ уақыт сөйлеседі. Ал екінші біреулері саясатпен, философиямен айналысады. Бұл өмір туралы танымдарын кеңейту үшін қажет. Мұнымен қатар дәл осындай тәжірибенің арқасында мемлекетімізде жаңа мекемелердің бар екенін білетін боласыз. Сәрсенбі күні сүйіктіңізбен ұрысып қалуыңыз ғажап емес. Демалыс күндері шет елге шығу мүмкіндігі туса, бас тартыңыз. Ал философия мен дінге қатысты сұрақтар пікірталасқа түседі. Дәл осы кезде тұщымды мақалалар жазып алсаңыз болады. | ||
Тауешкі. Осы аптада үлкен несие алуыңыз немесе маңызды хирургиялық ота жасатуыңыз мүмкін. Дүйсенбі күні өзгелермен қарым-қатынасыңызды реттей алмай, біраз әбігерге түсесіз. Қызметте келісімнен, жеке өмірде біреумен жолығудан бас тартқаныңыз абзал. Сейсенбі мен бейсенбінің аралығында тауешкілердің жұмысы шетелдіктермен және ЖОО-мен байланысты болады. Жұма күні барлығы үшін де қиын күн. Жексенбі күні достарыңызбен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. | ||
Суқұйғыш. Олар осы аптада әріптестерімен тіл табысады. Бұл тек қызметке емес, жеке өміріңізге де қатысты. Отбасын құру туралы ұсынысқа ие болуыңыз мүмкін. Сәрсенбінің сәтті күнінде, өкінішке орай, қиындыққа тап боласыз. Уақыт жылдам өтіп жатқандай көрінеді. Шындығында бұл жылдамдық сізге тек кері әсерін ғана тигізеді. Өміріңізді ретке келтіргіңіз келсе, философтардың шығармаларын көбірек оқыңыз. | ||
Балықтар. Олардың бұл аптада жұмысы көп. Бірі - жеке басына қатысты іспен айналысса, екіншісі -жақын ағайындарына қол ұшын береді. Жақын уақытта дәрігерге қаралуыңызға тура келеді. Шектен шығып кетпеңіз. Ал сейсенбі және бейсенбі күндері өзгелердің қамқорлығына зәру боласыз. Жұма, сенбі күндері аздаған қиындықтар туындайды. Ал жексенбі күні әлеуметтік желідегі қарым-қатынасыңыз үдей түседі. |
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай