Наурыз да өтіп бара жатыр, алда − сәуір. «Тәуір боладыға» жорып, алдағы күндерге сеніммен қарайық! Сәттілік тілейміз!
Тоқтылар апта басында айналасындағы адамдарға кеңес беріп, ақылын айтуына тура келеді. Өз өмірінде бір жаңалық енгізеді − киім кию не шаш үлгісін өзгерту. Апта ортасында басшылықтан мақтау естіп, бір марқайып қалады. Бірақ, арқаны кеңге салуға болмайды. Ал апта соңында жақындарының арасында кикілжің тууы мүмкін. Сол себепті, ақылыңызды айтып, бір шешім шығаруға тырысыңыз.
Бұл аптада өз-өзіңізді толық танытуға мүмкіндік бар. Көшбасшылық қабілетіңізді танытсаңыз, жақындарыңыз қолдау көрсетеді. Апта ортасында ел сізден креативті идея сұрайды. Бар білгеніңізді айтып, жол сілтеңіз. Апта соңы – осы аптаға есеп беріп, мүмкіндіктеріңіз бен кемшіліктеріңізді саралауға оңтайлы уақыт. Сол себепті қай жерден мүлт кеткендігіңізді қадағалаңыз.
Бұл аптада бұрын қолға алған жұмысын аяқтай алады. Ал апта ортасында маңызды мәселеге жауап іздейді. Бұл жауап алыстан емес, жақыннан табылады. Ал апта соңында егіздердің көшбасшылық қабілеті артып, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізеді. Бір ескерту: ұсақ заттарға ақша жұмсап, сан соғып қалмаңыз.
Апта басы сын естумен басталады, бірақ бұл сындарға Шаянның жауабы әзір. Апта ортасында жұмысқа бар ынтасымен кірісіп, жұмыстан ләззат алады. Ал апта соңында сабырлы болуға тырысыңыз. Дау туа қалса, шындықты жақсы көретініңізді дәлелдеңіз. Бәріне түсіністікпен қараңыз.
Аптаның басы қауырт іспен басталады. Олардың жанында Бикештердің ісіне қызығатын іші тар адамдар жүр. Олардың тіке шабуылынан қорғану керек. Жолдан адастырып кетуі де ғажап емес. Сол үшін айналадағы адамдарға сақтықпен қараған жөн. Апта соңында ойлаған мақсатының біріне нүкте қоюы мүмкін.
Таразы
Асығыстық көп нәрсеге бөгет болады. Сол себепті барлық іске байыппен қарау керек. Апта ортасында шешілмей жүрген күрмеулі мәселе өзі-ақ шешіледі. Ал апта соңында өз қабілетін таныта алады. Демалыс күндері таза ауада серігіп, өткен күнге есеп береді.
Сарышаян
Апта басында Сарышаяндар өз-өзіне күтім жасауы керек. Жылы көрпеден шыққысы келмей, бойын ауырлық билеуі мүмкін. Бірақ, күш-жігерінің арқасында жалқаулықты жоя алады. Бұл аптада Сарышаяндар жіберген қателіктерін өзгерте алады. Ал апта соңында өзі туралы қауесеттер естіп, таңғалады. Дегенмен, алаңдамаңыз. Бұл сөздер сізді қайрай түседі.
Бұл аптада Мергендер дау кезінде тез шығарады. Ал басқару, ұйымдастыру шараларында белсенділігі артады. Апта ортасында сақ болуы керек. Ал апта соңында көп адаммен бетпе-бет сөйлесуге тура келеді. Олардың сіз туралы не ойлайтынын білгіңіз келсе, ашық сөйлескен дұрыс.
Олар өз-өзіне сенімсіз. Сол себепті көп нәрсеге қолын "мезгілінен кеш сермейді". Апта ортасында белсенді болуы керек. Себебі, оларға артылатын жүктің салмағы ауыр. Бұл жүк – жұмыста не жанұяда немесе махаббатта. Қай-қайсынан болса да, өзі алып шыға алатындығын дәлелдейді. Ал, апта соңында күтпеген жерден ұсыныс түседі. Жүз ойланып, мың толғанғаннан кейін дұрыс жауабын беріңіз.
Суқұйғыш
Апта басында адамдарға әсер етіп, оларға ой салып, кеңес беруіңіз мүмкін. Бастысы өз басыңыздан өткізген таныс жағдайларды айтып беріңіз. Ал апта ортасында ойламаған жерден бір адамды кезіктіріп, одан ұсыныс аласыз. Бұл ұсыныс өміріңізді өзгертуі мүмкін. Ал апта соңында жұлдыздардың жорамалдауынша, бойындағы қуаты көбейеді. Бұл энергия келер аптаның жемісті болуына ықпал етеді.
Апта басында балықтарды кездесуге шақырады не телефон арқылы әңгіме болады. Бұл сұқбат аса маңызды болмаса да, бір күні маңыздылығы белгілі болады. Сол себепті мүмкіндікті жіберіп алмауы керек. Ал апта ортасында даудың ортасында қалуы мүмкін. Екі тарапты мәмілеге келтіру – Балықтардың қолында. Ал апта соңында үлкен мәселені шешіп, шығармашылықпен айналысады.