Жұлдыз жорамал: 27.10.2014-02.11.2014

Күйзеліске түсуден және суық ауа райынан қорқудың еш қажеті жоқ. Салқын күз – есікті жауып, жұмысқа кірісетін уақыт. Сол себепті бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

  Тоқты. Өзіңізді ретке келтіріп, айналаңызда қандай адамдар жүргеніне зер салыңыз. Жетістіктеріңізге шын жүрегімен қуанатын достарыңыз бен туысқандарыңыз қиын-қыстау сәтте қол ұшын береді. Және керісінше. Егер жаныңызға жақын адамдар қиыналғаныңызда қасыңыздан табылмаса, ситуацияны өзгертуге тырысыңыз. Өзгерту үшін бәрін ашып сөйлескеніңіз жөн.          Торпақ. Тынымсыз тіршілікпен жүрсеңіз де, сәл аялдаңыз. Демалыс жариялаңыз. Ол бірнеше күнге ғана созылса да, барлық істі осы мерзімде реттеп алуға болады. Жақындарыңызға көңіл бөліңіз. Ал сүйіктіңізбен тілдесу арқылы ерекше күш-қуат жинайсыз.          Егіздер. Жұмыста да, үйде де инициатива танытатын уақытыңыз келді. Егер бір нәрсеге көңіліңіз толмаса, ашып айтыңыз. Қызметіңіздің жоғарылағанын қалайсыз ба? Командадағы жағдайыңызды ескеріп, жеткен жетістіктеріңізді еске алыңыз. Барлығы ойдағыдай болған жағдайда, қорықпастан басшылыққа жолығыңыз.         Шаян. Ырғақты баяулата түсіңіз. Жұмыста көп тапсырма алатыныңызды байқасаңыз, басшылықтан тапсырманы теңдей бөлуін талап етіңіз. Күш-қуатыңыз сарқылған жағдайда, демалып алыңыз. Ары қарай қалай жылжу керектігін түсіну үшін бірнеше күн үйде жатып тынығыңыз.          Арыстан. Достарыңыздың мазасын алмау үшін алдымыздағы демалыс күндерін қалай өткізетіндігіңізді алдын ала жоспарлаңыз. Дұрыс демалыс 5 күн бойы белсенді жұмыс істеу арқасында жоғалтқан күшіңізді қайта қалпына келтіріп, жігерлендіре түсуі қажет. Егер дүйсенбі күні өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, өміріңізге өзгеріс енгізетін сәт туғаны. Мүмкін Рамсторға барып, коньки тебетін уақыт келген шығар?         Бикеш. Бұл аптада қандай жағдай болмасын, қозғалыссыз қалмаңыз. Сізге жұмысыңыз ұнамай, бұл туралы достарыңызға, туған-туысқандарыңызға айттыңыз ба? Ендеше неге жаңа жұмыс іздемейсіз? Бірнеше ұйымға түйіндеме жіберіп, кездесуге барыңыз. Нақты таңдауыңыз бен ұсынысыңыз болсын. Тек осы жағдайда ғана өміріңізге оң өзгерістер енгізе аласыз.          Таразы. Бір нәрсені ғана таңдаңыз. 20-30 мың теңгені жоғалтпау үшін бірнеше фирмада қатар жұмыс істеп жүрсіз. Мүмкін сол бірнеше жұмыстың біреуін ғана таңдағаныңыз жөн шығар. Сізді нағыз маман ретінде бағалайтын мекемені таңдаңыз. Бұлай жүре беретін болсаңыз, потенциалыңыз да төмендейді.          Сарышаян. Әйтеуір дегенде өзіңізге лайықтыны аласыз. Ол ақшалай немесе өзге болуы мүмкін. Мүмкін сізге жаңа жобамен айналысуды ұсынатын шығар? Ұзын сөздің қысқасы тек жақсы хабарға дайын болыңыз.          Мерген. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасты ретке келтіріңіз. Түскі асқа жалғыз барасыз ба? Мұнымен қатар кейбір жұмысшылардың есімін де білмейсіз. Мүмкін қызметтестеріңіз сіз ойлағандай жаман адамдар емес шығар. Әркімнің тыңдауға тұрарлық өз оқиғасы бар. Сондықтан жаныңыздағыларға бей-жай қарамаңыз.          Тауешкі. Осы аптада барлығы жақсы болады. Жеке өміріңіз бен жұмыста қиындықтарыңыз болса да, өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Уақытында ұйықтап, дұрыс тамақтаныңыз, денсаулығыңызды қалпына келтіріңіз. Таңертеңгі қара шәйді жеміс шырынымен алмастырыңыз. Асықпай жүріп, айналыңызды бақылар болсаңыз, әлемнің қаншалықты жақсы екенін байқайсыз.          Суқұйғыш. Тек жақсы ойлаңыз. Апта қиын болады. Басшылық сізден көпті талап етіп, әріптестеріңіз көмектесуден бас тартуы мүмкін. Қорықпаңыз. Сіз ең ақылды, ең талантты адамсыз. Жалғыздың үні шықпас десе де, сіз осы аптада тапсырылған істі соңына дейін жеткізесіз.          Балықтар. Көңіл күйіңізді түсірмеңіз. Далада жаңбыр жауып, күздің салқын лебі есіп тұрса да, позитивті ойлаудан жалықпаңыз. Күз де, қыс та өтіп, артынша өзіңіз жақсы көретін көктем мен жаз келеді. 

Сурет:rumbur.ru