- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 27.07.2015...
Жұлдыз жорамал: 27.07.2015 - 02.08.2015
Дос бола білу - жүрегі мейірімге толы адамдарға тән қасиетті сезім. Барлығы шын жанашыр болып, өзгенің қуанышы мен қайғысын жүрекпен сезіне алмайды. Сондықтан ақкөңіл досыңыз болса, оны қадірлей біліңіз.
Тоқты
Жоспарда жоқ іспен айналысып, ақшаны босқа шығындайсыз. Осының салдарынан жоспарыңызды түбегейлі өзгертесіз. Мысалы, үйде болып жатқан жөндеу жұмыстарын тоқтатасыз. Сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай, қатты қиналасыз. Дәл қазір – компьютерлік бағдарламаларды меңгеретін уақыт. Ал демалысыңызды балалармен бірге өткізгеніңіз жөн. Олар қуыршақтар театры мен циркті сағынған болар.
Торпақ
Отбасылық өмірде біраз қиындықтар болады. Үйдің ішін ретке келтіруге асығасыз. Бала тәрбиесіне байланысты сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспай қалады. Оған деген көзқарасыңыз қатты өзгереді. Жақын күндердің бірінде алыстан қонақтар келеді. Күтпеген қонақтарыңыз қуанышты хабар әкеледі.
Егіздер
Апта ішінде көп нәрсеге өзгеріс енгізесіз. Жұлдыздар, ең алдымен, денсаулығыңызға мән беруге кеңес береді. Өйткені дәл қазір созылмалы аурулар асқынып кетуі мүмкін. Сондықтан науқастардан іргеңізді аулақ салыңыз. Отбасылық өмірде өзгерістер болады. Демалыс күндері ауылға барып, туыстарыңыздың қалын біліп қайтқаныңыз жөн. Ол жақтан өзіңізді алға жетелейтін адамдармен танысып, біліміңізді толықтыруға мүмкіндік аласыз.
Шаян
Апта ортасында ақшаға байланысты қиындықтар туындайды. Бір шетінен қосымша табыс тауып, ақшаңызды үнемдеуді үйренесіз. Айыңыз оңыңыздан туып, ұтымды ұсыныстарға қол қоясыз. Бос уақытыңызды пайдалы кітаптар оқуға арнаңыз.
Арыстан
Бойдақ болсаңыз, шаңырақ көтеруге асығыңыз. Дәл қазір отбасын құрған жандар кедергілерді жеңіп, бақытты ғұмыр кешеді. Ал отбасылы жандардың жағдайы басқа. Олардың берекесі қашып, шаңырақтары шайқалады. Мысалы, отбасыңыз өздеріне көп көңіл бөлмейтіндігін айтып, назын білдіруі мүмкін. Ал демалысыңызды шетелге шығып, тіл үйренуге арнаңыз.
Бикеш
Бұл аптада бейтаныс адамдармен жолықпағаныңыз жөн. Достарыңыздың адалдығын тексеріп, кейбіреуімен арадағы байланысты үзесіз. Келіп түскен ақпараттың барлығына сене бермеңіз. Мәліметтер жалған болуы да ғажап емес. Бұдан өзге сыртқы келбетіңізді өзгертесіз. Шашыңызды қидырасыз. Демалыс күні жалғыз қалып, барлығын таразылаңыз.
Таразы
Жоспарларыңызды жүзеге асыру үшін ақша керек екенін түсініп, көп нәрседен бас тартасыз. Мұның барлығы жаныңызға батып, көпке дейін өзіңізге келе алмай жүресіз. Достардың рөлі қаншалықты маңызды екенін түсінесіз. Демалыс күндері әріптестеріңізбен дастархан басында отырып, маңызды мәселелерді талқылайсыздар. Көп ұзамай табысқа жетесіз.
Сарышаян
Бастығыңыз тапсырған жұмысты орындай алмай қиналасыз. Осының салдарынан арада түсініспеушілік орнайды. Тек өзіңізге сеніңіз. Батыл болсаңыз ғана өміріңізді түбегейлі өзгертуге қауқарыңыз жетеді.
Мерген
Жүрген ортаңызда беделіңіз төмендейді. Заңға қарама-қайшы келетін әрекеттер жасамаңыз. Демалыс күндері өмірлік жарыңызды жолықтырасыз.
Тауешкі
Жауапкершіліктен қашып, бойыңызды қорқыныш билейді. Жоспарларыңызды түбегейлі өзгертетін оқиға болады. Мұнымен қатар, дене жарақатын алуыңыз мүмкін. Достарыңызға сенімсіздік танытып, олардан көңіліңіз қалады.
Суқұйғыш
Қызметте қиындық туындайды. Кей әріптестеріңіз жұмысыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал демалыс күндері сүйіктіңізбен арадағы қиындықтардың шешемін табасыздар.
Балықтар
Алдыңызға қойған мақсатыңызға жету үшін көп еңбектенуіңізге тура келеді. Мұнымен қатар, денсаулығыңыз нашарлайды. Сүйіктіңізден көңіліңіз қалады. Демалыс күндері көптен бері іздеп жүрген сұрақтардың жауабын табасыздар.
Қ. Бүйенбай