Бүгінгі күнге күле қарасаңыз, ол да сізге жауап қатады күлімдеп.
Тоқтылар аптаның басын жанұясымен өткізеді. Қаумалаған жақын адамдардың жанында өткен-кеткенді еске алып, болашаққа мақсат құрады. Жұлдыздар жұмыста берілген қызметті толық әрі жан-жақты атқаруға кеңес береді. Аптаның соңында су процедурасын алған дұрыс. Тыныштықта отырып, ой сергіткен де артық болмайды.
Торпақтар бұл аптада оптимистік көзқарасты ұстанады. Достармен, әріптестермен кездесіп, ой алмасады. Сапарға шығып, білім көкжиегін кеңейте алады. Сонымен қатар, романтикалық кездесулер де күтіп тұр. Ал аптаның соңында ескі достармен бас қосып, топтық ойындар ойнап, демалыс уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік туады.
Бұл аптада қаржы мәселесінің төңірегінде көптеген сұрақ туындауы мүмкін. Алайда, мәселе тез шешіледі және жеңіс сіздің жақта болмақ. Бұрыннан ойлап жүрген дүкен аралау мәселесі де шешіледі. Аптаның соңында көптен кездеспеген туыстармен кездесу мүмкіндігі туады. Жұмыста да, жанұяда да береке орнаса, сіздің жетістігіңіз деп біліңіз.
Шаяндар бұл аптада тың идеялардың қорын ашады. Жаңа адамдармен танысып, қызметте беделі артады. Жақындары табиғат аясына шақырса, қалмағаны дұрыс. Ал аптаның аяғында сәтті сапар күтіп тұр. Әр уақытты бағалай білген Шаяндар ештеңені құр жібермеу керек.
Бұл аптада Арыстандар рухани күшін сақтауы тиіс. Тыныштықта отырып, жан дүниесіне рахат сыйлауы керек. Су процедурасы да артық етпейтін еді. Көпетн ойлап жүрген қаржы мәселесінің түйіні шешіледі.
Бикештердің бұл аптасы өте көңілді өтпек. Олар алдағы күнін жоспарлай алмауы мүмкін, себебі тосынсыйлар күтіп тұрады. Достарды жинап, бас қосу – осы аптаның еншісінде. Демалыс күндерді сүйгенімен өткізіп, саябақтарға барып, көңіл көтеруге болады.
Таразылар білгіштік қасиетімен ортасына таныла бастайды. Көрме, салтанантты кеш, думанды жиындарға барса, беделі артады. Сонымен қатар, бұл аптада қолдау көрсететін адаммен кездесуі мүмкін, қызмет бабындағы үлкен жобаны бастауға үлкен көмек бермек, Аптаның соңында денсаулыққа мән беру керек.
Сарышаяндар бұл аптада тосын оқиғаларға кез болады. Аяқ астынан сапарға шығып кету, жаңа адамдармен танысу секілді жауапты сәттерде тіл табысқыш қабілетімен көріне алады. Білім жолындағы ізденісі арта түседі. Махаббатта да сәтті сәт күтіп тұр.
Мергендер бұл аптаны көтеріңкі көңіл-күймен өткізеді. Өмірін өзгерткісі келетіндері айналаға басқаша көзбен қарайтын болады. Жаңа қызығушылықтары оянады. Қаржының жеткіліксіздігі алаңдатады, бірақ бұл уайымдайтын дүние емес. Аптаның соңын отбасымен өткізіп, көптеген мәселелерді шешуге тура келеді.
Тауешкі жұлдызындағы жандар бұл аптада өз-өзіне көңіл бөлуі тиіс. Мойнына алған жауапкершілікті толығымен атқарып, көңілі орнығады. Ғашығымен табиғат аясына шығып, рухани байып келсе, артық етпейді. Достармен бірге бас қосқан да жақсы.
Бұл аптада Суқұйғыштар іскерлік бағытта таныла алады. Жұмыста да, үйде де тазалық жұмысын жүргізіп, бір жайлылық сыйлайтын уақыт келді. Жаттығумен жиі айналысып, жоспар бойынша жүріп, көп тірлікті бітіріп үлгереді. Демалыс күндерде дүкен аралауға мүмкіндік туады. Себебі, қаржының көзі ашылуы мүмкін.
Балықтар бұл аптада махаббаттан қаша алмайды. Олардың бар ойы – жүрегінің жартысында. Ғашығын тапқан Балықтардың махаббаттары еселене түседі. Ал сүйіктісін әлі кездестірмеген Балықтар бұл аптада серігін кездестіруі ғажап емес. Аптаның соңы шығармышылықпен айналысуға, хоббимен шұғылдануға, көңіл көтеретін орындарға баруға қолайлы кезең болмақ.