Кейде адамдарды кешіре беруден жалығамыз. Ақталуға бірнеше рет мүмкіндік берсек те, ол мүмкіндіктердің де шегі бар екені анық.
Тоқты
Бұл аптаның сізге дайындаған тосын сыйы көп. Егер сырт келбетіңізді өзгерткіңіз келсе, оны демалыс күндерге қарай жоспарлаңыз. Қаржы мәселесіне қатысты операцияларды сейсенбіден бастап жүзеге асыруыңызға болады. Түйсігіңізге сенім артыңыз. Осы апта ішінде ол мүлдем дерлік жаңылмайды.
Торпақ
Барлығы айналаңыздағылармен қалай тіл табысатыныңызға байланысты болады. Көтеріңкі көңіл күйіңіз дүйсенбі күні барлық жоспарыңызды жүзеге асыруға көмектеседі. Сейсенбіден бастап аталарыңыздан қалған мал мен дүниені бөліске салу мәселесін реттеуіңізге болады. Мұнымен қатар, сүйіктіңіз екеуіңіздің араңыздағы махаббат оты қайта тұтанады.
Егіздер
Өкінішке орай, осы аптада аталған жұлдыз иелерінде оқуға, құжатқа қатысты қиындықтар туындайды. Маманның көмегіне жүгінбеске амалыңыз болмайды. Ал ойыңыздағының барлығы жүзеге асқанын қаласаңыз, сәрсенбіден ары қарай айналаңыздағыларға көңіл бөліңіз.
Шаян
Айтарлықтай өзгерістер болмайды. Қаржы мәселесінде де тұрақтылық орын алады. Ал сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсы дамып, сезім оты маздай түседі. Жұлдыздар бейсенбі, жұма күндері кездесуге бармауға кеңес береді.
Арыстан
Жігіт қауымы мұзға отырғызып кетуі мүмкін болғандықтан, тек нәзік жандыларға сенім артыңыз. Әйтпесе жоспарыңыздың күл-талқаны шығады. Демалыс күндері ауыл-аймаққа қонаққа баруыңыз мүмкін. Оқуда, қызметте басшылықпен сөзіңіз жараспай қиналасыз. Қандай жағдай болмасын, «артық» сөз айтпауға тырысыңыз.
Бикеш
Сәрсенбі мен жұма күндері білек сыбана жұмыс істеуіңізге тура келеді. Аптаның алғашқы күндері кері әсерін тигізетін оқиғалар жүзеге асады. Сол себепті әзірге несие алу, саяхаттау, қонаққа бару сынды мәселелерді кейінге қалдыра тұрғаныңыз жөн. Демалыс күндері жақынарыңыз сізді қуантады.
Таразы
Дәл қазір – той-томалаққа баруға таптырмас уақыт. Сырт келбетіңізді ойланбастан өзгертуіңізге болады. Жұмысыңызды шетке ысырып, жүрегіңізге жақын адамдарыңызбен араңыздағы қарым-қатынасыңызды реттегеніңіз жөн.
Сарышаян
Басшылықтық тапсырмасын толықтай орындау үшін жақсылап еңбектенуіңізге тура келеді. Күш-жігеріңізді екі есе жұмсайтындықтан, денсаулығыңыз сыр береді. Алайда нәтижесі оң болады. Ал демалыс күндері табиғат аясына шығуыңызға болады.
Мерген
Жұлдыздар дәл қазір басыңыздан өтіп жатқан оқиғаға өткінші жаңбырдай қарауға кеңес береді. Нар тәуекелге бел буар болсаңыз, еңбегіңіз толықтай дерлік ақталады. Сәрсенбі күні әріптестеріңізбен ренжісесіз. Жұма күні қалтаңыз қалыңдайды.
Тауешкі
Қаржылай қиындықтарыңызды шешіп, банктен алған несиеңізді толықтай жабасыз. Жұлдыздар демалыс күндері қандай жағдай болмасын, жігіт қауымына сенім артпағаныңыз жөн.
Суқұйғыш
Осыған дейін аяқсыз қалған істер қылаң ете бастайды. Ойланбастан шешім қабылдайтын уақыт та келді. Түйсігіңізге сенім артыңыз. Материалдық қиындықтарыңызды шешуге туған-туысқандарыңыз көмектеседі.
Балықтар
Дүйсенбі мен жұма аралығында ешнәрсе жоспарламағаныңыз дұрыс. Демалыс күндері қажетсіз заттар сатып алудан аулақ болыңыз. Әйтпесе сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспауы мүмкін.
Күндеріңіз сәтті өтсін!
Сурет: rudaki.ru