Тыныш өмір мен бақытты басқа жерден табамын деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Оның барлығы сіздің жүрегіңізде, көкейіңізде және көңіліңізде.
Тоқты
Аптаның басында сүйіктіңізбен ренжісесіз. Ал әріптестеріңіз сынға алып, өз қызметіңізді дұрыс орындай алмай жүргеніңізді айтады. Жұлдыздар аптаның екінші бөлігінде түйсігіңізге сенім артуға кеңес береді.
Торпақ
Аптаның алғашқы бөлігінде күйзеліске түсіретін ситуациялардан сақ болып, өзіңізге физикалық ауыртпалық түсірмеуге кеңес береміз. Өйткені дәл осы күндері жүйкеңіз жұқарып, сыр береді. Кез келген күйзеліс денсаулығыңызға қауіп төндіреді. Мұнымен қатар, уақытты аз шығындайтын жұмыстарды таңдауға тырысыңыз. Ал аптаның ортасына қарай сүйіктіңізбен сөзіңіз жарасып, бір-бірлеріңізге деген сенімдеріңіз арта түседі. Оған өзін көрсетуге мүмкіндік беріңіз, сол кезде жаныңызда жүруге тұрарлық жан екенін түсінесіз.
Егіздер
Күтпеген жерден сүйіктіңізбен немесе жақын досыңызбен ренжісіп қалуыңыз мүмкін. Барлығына ұзын тіліңіз бен сыншылдығыңыз себепкер болады. Сондықтан аптаның ортасына қарай сүйіктіңізбен немесе досыңызбен кездеспеуге тырысқаныңыз жөн. Істеген жұмысыңыздың нәтижесіне назар аударыңыз. Мұнымен қатар, күн тәртібіңізді ретке келтіріңіз. Сол кезде уақытыңызды ақылмен жұмсайтын боласыз.
Шаян
Үйдегі және жұмыстағы шаруаларыңыз бастан асады. Бастығыңыз берген тапсырмасын қайта-қайта өзгертетін болады. Уақыттың тығыздығына байланысты көп жұмысты үлгермейсіз. Отбасыңызға көңіл бөлмей кетесіз. Олар өз кезегінде сізден тосын сый күтеді. Ал аптаның ортасына қарай барлығы ретке келіп, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Сүйіктіңізбен бірге қыдырғаныңыз жөн. Балаларыңыз бар болса, олар сізді жеткен жетістіктерімен қуантады.
Арыстан
Аптаның алғашқы бөлігінде күнделікті өмірде көретін адамдармен қатты ренжісесіз. Бұл жерде таныстарыңыз, достарыңыз, туған-туысқандарыңыз туралы айтылып жатыр. Олар сізді бір кездері берген уәделерін орындамай ренжітуі мүмкін. Бейтаныс адамдармен көп жүздесіп, жұмысыңыз көбейеді. Алайда аптаның ортасына қарай барлығы тұрақталып, қиындықтар шешіледі. Жақын күндердің бірінде үйіңізге қонақ келуі мүмкін.
Бикеш
Ақшаға байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Аптаның ортасына қарай сүйіктіңізбен сөзіңіз жарасып, романтикалық кеш ұйымдастырасыз. Дәл қазір білім алып, саяхаттайтын уақыт. Мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз.
Таразы
Сүйіктіңіз сізбен санаспайтындай көрінуі мүмкін. Осының салдарынан оған қатты сөздер айтуға мәжбүр боласыз. Егер сабырлық танытсаңыз, аптаның ортасына қарай барлығы ретке келеді. Ал аптаның қалған уақыты ақшалай қиындықтарды шешуге қолайлы.
Сарышаян
Уақытты достарыңызбен бірге өткізуге тырысыңыз. Болашағыңызды жоспарлаңыз. Күтпеген жерден алдыңызға қойған мақсаттарыңыз жүзеге асады. Ешкімнің сырын сақтамаңыз. Яғни сізге құпиясын ашпақ болса, оған кедергі жасаңыз. Әйтпесе басыңызға бәле болып жабысуы мүмкін.
Мерген
Сүйіктіңіз бен достарыңыздың адалдығына мән беріңіз. Егер сүйіктіңіз болмаса, оны дәл қазір іздеудің де қажеті жоқ. Әсіресе әлеуметтік желіден. Аптаның ортасына қарай табиғат аясына шығып серуендегеніңіз жөн. Тіпті шипажайға барып демалсаңыз, артық болмайды. Дәл қазір сізге жан тыныштығы қажет.
Тауешкі
Жұмысыңызда апта сайын «бірнәрсе» өзгеріп, осының салдарынан жұмыс істеу қабілетіңіз қатты төмендейді. Мұнымен қатар, отбасыңызда да қиындықтар туындайды. Аптаның ортасына қарай достарыңыз қонаққа келеді. Бұл достық кездесулер ұйымдастыруға таптырмас уақыт.
Суқұйғыш
Дүйсенбі мен сейсенбі күндері маңызды жұмыстарды жүзеге асыруға тырысыңыз. Аптаның ортасынан бастап, соңына дейін қызметтегі беделіңіз артады. Бастығыңыз қиын тапсырма беріп, үлкен нәтиже күтеді. Өзіндік пікіріңізді ашық айтып, белсенділігіңіз арта түседі.
Балықтар
Күйзеліске түсіретін ситуацияларға түспеуге тырысыңыз. Ешнәрсе уайымдамаңыз. Жұмыс істеу қабілетіңіз бен денсаулығыңыз тікелей жүйке жүйесімен байланысты. Осы апта ішінде несие алмағаныңыз жөн. Маңызды шешім қабылдап, өміріңізді өзгертуге тырысуыңыз мүмкін.
Құрметті оқырмандар, күндеріңіз сәтті өтсін!