Қыркүйек соңында астрологиялық тенденциялар жаңа фазаға кіріп, өзгере бастайды.
Тоқты
20 наурыз – 19 сәуір
Сіз өзіңізді жауынгерше ұстайсыз. Жоғары жұмысқа қабілеттілік көптеген жиналып қалған істерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл аптада Тоқтыларға өз жоспарларымен немесе ойларымен ешкіммен бөліспеу ұсынылады. Бәсекелестерден абай болыңыз. Ал демалыс күндері жақындарыңызды қонаққа шақырыңыз. Оларға сіздің назарыңыз қажет.
Торпақ
20 сәуір – 20 мамыр
Барлығына үлгеру қиын болады. Себебі айналаңызда жаңа әсерлер, қызықты адамдар мен істер көп. Айналаңыздағылармен өз энергияңызбен және жақсы көңіл күйіңізбен бөлісіңіз. Сол кезде жаңа достар табасыз. Ал демалыс күндері жақсылап демалу қажет болады.
Егіздер
21 мамыр – 20 маусым
Сізге таза ой мен байсалдылықты сақтау қиын болады, себебі сезімдер басып кетеді. Әсіресе, ашуланумен күресу қиынға соғады. Ұзақтан бері ойластырып жүрген жоспарыңыз орындалмай, оған кеткен уақыт пен күшті ақтамауы мүмкін. Демалыс күндері жақын адамдарыңызбен сізді мазалап жүрген проблемамен бөлісіп, ашық сөйлесіңіз.
Шаян
21 маусым – 22 шілде
Сіз үшін белсенді жұмыс істей алатын қызықты апта басталмақ. Шығармашылық пен жасампаздық энергиясы асып, көп нәрседе жетістікке жетесіз. Жағдай сізден жоғары жұмысқа қабілеттілікті қажет етуі мүмкін. Жаңа адамдар мансабыңызды ұйымдастыруда және идеяларыңызды жүзеге асыруда маңызды рөл ойнайды. Аз сөйлеп, көп тыңдауға тырысыңыз. Апта соңы — сапарға шығуға сәтті уақыт.
Арыстан
23 шілде – 22 тамыз
Күйзелісті, бірақ жемісті апта болмақ. Іскерлік табыс баяу келеді, бірақ ұзаққа сақталады. Бұл сізге өз күшіңізге сенімділік сезімін сыйлайды. Өсек тыңдамауға және жанжалдарға араласпауға тырысыңыз. Ақылды және парасатты болып қалыңыз. Демалыс күні өзіңізді дәмді, жағымды немесе әдемі нәрсемен қуантыңыз.
Бикеш
23 тамыз – 22 қыркүйек
Сізде тыныш және өнімді жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Сіздің еңбегіңіз басшылық тарапынан да жақсы бағаланады. Мақсатқа ұмтылу көптеген кедергілерді жеңуге мүмкіндік береді. Бірақ өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағалап жібермеңіз. Әйтпесе, демалыс күндері мүлдем күшіңіз қалмайды. Өзіңізді алдамаңыз.
Таразы
23 қыркүйек – 22 қазан
Сіз үшін қарым-қатынас маңызды болады. Сіз өмірді жаңаша көруіңіз және кей ескі идеяларды жаңартуыңыз мүмкін. Егер сіздің соңғы жетістіктеріңіз бірден бағаланбаса да, жағымды әсер жақын арада пайда болады. Ал демалыс күндерді өз-өзіңізбен немесе жақындарыңызбен өткізіңіз.
Сарышаян
23 қазан – 21 қараша
Жақын адамдарыңызбен және басшылықпен шығармашылық жоспарларыңызбен және ойларыңызбен бөлісіңіз. Олардың іске асуына көмектескісі келетіндер табылады. Демалыс күндері жөндеу жұмыстарын немесе тазалау жұмыстарын қолға алыңыз.
Мерген
22 қараша – 21 желтоқсан
Жалқаулық пен апатия орын алуы мүмкін. Аяқталмаған істер мен өткізілмеген кездесулер үшін сылтау іздеу керек болады. Жұмыс көлемі біртіндеп арта береді. Өзіңізге уақыт арнаңыз, өзіңізді дамытумен айналысыңыз.
Тауешкі
22 желтоқсан – 20 қаңтар
Сәтті орындалуы үшін өз жоспарларыңыз бен ойларыңызды құпияда сақтаңыз. Тек ағымдағы проблемалар мен жұмысқа назар аудармаңыз. Шаршаңқылық пен ашуланшақтық артуы мүмкін. Бірақ сіз достарыңыздың қолдауыңызға сене аласыз. Демалыс күндеріңізді достарыңызға арнауға тырысыңыз.
Суқұйғыш
21 қаңтар – 18 ақпан
Басқаларға көмектесе отырып, өзіңізге көмектесесіз. Жақындарыңызға риясыз көмектесу сізге өз проблемаларыңызды ұмытуға ықпал етеді және жағымды эмоциялар сыйлайды. Жаңа жұмыс істеуге және қызметті ауыстыруға жақсы кезең.
Балықтар
19 ақпан – 19 наурыз
Аз сөйлеп, көп жұмыс істеңіз. Басшылармен кездеспеуге тырысыңыз, себебі сіздің қызбалығыңыз үлкен жанжалға әкелуі мүмкін. Демалыс күндері шыдамдылық пен төзімділік танытыңыз.