Жұлдыз жорамал: 26.01.2015-01.02.2015

Құпияңызды тек сыр сақтай білетін адамға айтыңыз. Бірақ, сырды өз еркіңізбен айтқандықтан, оны өзгелерге жария еткен досыңызға ренжімеңіз. 

 

Тоқты. Жұлдыздар аптаның алғашқы бөлігінде аяқсыз қалған жұмыстарды ретке келтіруге, шығармашылыққа уақыт табуға кеңес береді. Достарыңызбен жақынырақ сырласатын уақыт келді. Аптаның екінші бөлігінде тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, айыппұл төлейсіз. Мұнымен қатар, қоғам мен саясат мәселелерін тереңірек қарастырасыз.  

          Торпақ. Мансап жолында ілгерілейсіз. Өзіңіздің жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге мүмкіндік беретін жұмыстармен ғана айналысқаныңыз жөн. Қиын мәселелерді шешуге жинақтаған біліміңіз көмекке келеді. Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Керісінше достарыңызбен сыйыңыз жараспай, арадағы байланысты үзесіз. Демалыс күндері әлеуметтік желіде, форумда уақытты қызықты өткізе аласыз.         Егіздер. Аптаның алғашқы бөлігі ерекше жағымды әсер сыйлайды. Әсіресе шетелдіктермен білім алмасып, шетелге саяхаттап жүрген жандар үшін. Мұнымен қатар, достарыңызбен тіл табысып, дін, ғылым, философия туралы мәселелерді талқылайсыздар. Ал аптаның екінші бөлігінде сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынастарыңыз туралы сөйлесесіздер. Өзіңіздің көзқарасыңызды оған дәлелдей алмайтындықтан, пікір талас тудыратын мәселелер туралы сөйлеспегеніңіз жөн.          Шаян. Аптаның алғашқы бөлігінде әріптестеріңіз жұмыстан шығып, сіздің қызметіңіз жоғарылайды. Мұнымен қатар, жаңа жұмыс кестесіне ауысуға ұсыныс түседі. Ол кестенің сізге тек пайдасы тиеді. Дәл қазір алдыңызға қойған мақсаттарыңызға жетуге зор мүмкіндігіңіз бар. Ал аптаның екінші бөлігінде денсаулығыңыз нашарлап, көңіл күйіңіз түседі. Сол себепті өзіңізді көп шаршатпаңыз.

 

        Арыстан. Аптаның алғашқы бөлігінде сүйіктіңізбен де, серіктестеріңізбен де тіл табысасыз. Бұрын-соңды сүйіктіңізбен қандай тақырыпта сөйлесетініңізді білмей жүрсеңіз, енді ортақ қызығушылықтарыңыз көбейеді. Бірге отырып алыс елге саяхатты жоспарлайсыздар. Мұнымен қатар, сот отырысы сіздің пайдаңызға шешіледі.           Бикеш. Күн тәртібіңізді өзгертуге салауатты өмір салты тақырыптарында жазылған ғылыми мақалалар көмектеседі. Әрі зиянды әдеттерден арыласыз. Аптаның екінші бөлігінде туысқандарыңызбен, сүйіктіңізбен сөзіңіз жараспайды. Сол себепті, жақын күндердің ішінде үйіңізге қонақ шақырмағаныңыз абзал.          Таразы. Өмірлік жарыңыз болуға лайық адамды жолықтырасыз. Немесе жақын күндерде айырылысқан сүйктіңізді қайтаруға тырысып көріңіз. Мұнымен қатар, романтикалық іс әрекеттеріңіз ғашығыңыздың көңілінен шығады. Ал аптаның екінші бөлігінде әріптестеріңізбен, туысқандарыңызбен сыйыңыз жараспай, арада кикілжің туындайды. Сізді ортақ отырыстарға шақырмай қоюлары да ғажап емес. Бар айып өзіңізде болуы мүмкін. Ең бастысы, денсаулығыңызды күтіңіз.          Сарышаян. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайыңызды жақсартуға бағытталған көп идея ойлап табасыз. Ең бастысы, бұл идеяларды жүзеге асыруға білек сыбана кірісесіз. Аптаның екінші бөлігінде қаржылай қиындыққа тап боласыз. Жақсы көретін адамдарыңызға сыйлық алу үшін ақша таппай қиналасыз.          Мерген. Түрлі кездесуге барып, бейтаныс адамдармен байланыс орнатасыз. Соңғы кездері көп уәде беріп жүргеніңізді өзіңіз де сезіп жүрген шығарсыз. Оларды орындайтын уақыт келді. Жұлдыздар бір көрген адамыңызға ессіз ғашық болсаңыз да, әзірге болашаққа бағытталған жоспарлар құрмауға кеңес береді. Өкінішке орай, отбасы мүшелері мен достарыңыз іске икеміңіз жоқтығы үшін көп сынайтын болады.          Тауешкі. Аптаның алғашқы бөлігінде қалтаңыз қалыңдайды. Достарыңыз ескі қарыздарын қайтаруы мүмкін. Дүкендердегі жеңілдіктер науқанына назар аударып жүріңіз. Осы жеңілдіктердің арқасында қалаған затыңызды арзан бағамен сатып аласыз. Өзіңіз туралы айтылып жүрген өсек сөзге мән бермеңіз. Және жеке басыңызға қатысты ақпаратты ешкіммен бөліспегеніңіз жөн.          Суқұйғыш. Аптаның алғашқы бөлігінде өзіңіз жіберген қателермен жұмыс істейсіз. Барлығын қалпына келтіруге тырысасыз. Осы апта ішіне өз ісіңізге саналы түрде баға беріп, тәжірибе жинақтайсыз. Сіз үшін мұның барлығының пайдасы зор. Достарыңыз қиындықтарыңызды шешуге ат салысады. Ал аптаның екінші бөлігінде өзіңізден бірнеше мәрте қарыз алып, қайтармай кеткен достарыңызбен жанжалдасуыңыз мүмкін.          Балықтар. Аптаның алғашқы бөлігінде ешкімге соқтықпай өз ісіңізді бітіруге жұлдыздар кеңес береді. Қалаған ісіңізбен көпшіліктің назарына ілікпей айналысуыңызға болады. Аяқсыз қалған жұмыстарыңызды осылайша ретке келтіресіз. Мұнымен қатар, психологиялық кітаптарды көбірек оқыңыз. Ал аптаның екінші бөлігінде басшылықпен сөзіңіз жараспай қалады. Өз әрекетіңіздің дұрыс екенін білсеңіз де, бастықтың кім екенін жадыңыздан шығармаңыз.  

Сурет: rumbur.ru