- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 25.07.2016-31.07.2016...
Жұлдыз жорамал: 25.07.2016-31.07.2016
Әр күнге баға беріңіз! Әр күннің парқын білсеңіз, өмірді бағалай түсесіз...
Тоқты
Тоқтылар бұл аптада айналасындағы адамдарды таңғалдырады. Ерекше тосыйнсый әзірлейді, не болмаса имиджін адам танымастай етіп өзгертеді. Оның шығармашылық қиялына таңғалмау мүмкін емес. Өзгелерге ұқсамайтын мінезімен көпшілік жете алмайтын шыңдарды бағындырып жүр. Бірақ, қиял мен уақытты бәріне емес, жалғыз сүйіктісіне арнаса игі. Өйткені, бар уақытын жұмысқа арнаған Тоқтылар тарапына сүйіктілерінен шағым көп түседі. Сол себепті, бәріне уақыт тапқан жөн.
Торпақ
Торпақтар бұл аптаны отбасына арнауы тиіс. Жанұяда көптен шешілмей келген мәселелерді талқылап, жақсы істерге ұйытқы болғаны жөн. Ата-ананы ренжітпеу, ешкімнің намысына тимеу, кішілер мен әлсіздерге тірек болған дұрыс. Ішкі жан дүниені байытып, өзгелермен де бөлісуі керек. Шығармашылықпен айналыссаңыз, басқаларға да үйретіңіз. Бұл қарым-қатынасты жақсарту үшін де керек.
Егіздер
Егіздер тілтабысқыш қабілетімен көзге түседі. Бұл аптада сапарға шықсаңыз, көптеген адаммен байланыс орнатасыз. Кіммен қалай сөйлесу керектігін де жақсы білесіз. Егер аяқ астынан түсініспеушіліктер орын алып жатса, жүйкеңізді сақтаңыз. Артық етемін деп, тыртық қылып жүрмеңіз. Мейлінше, сабырлы әрі салмақты болуға тырысыңыз.
Шаян
Шаяндарды бұл аптада өзгеріс күтіп тұр. Жұмыс барасында сіздің лауазымыңызды көтеріп жатса, таңғалмаңыз. Салмағы ауыр жауапкершіліктен қорықпаңыз. Кәсіби дәрежеңіз артып жатса, неге қуанбасқа? Қалтаңыз қалыңдап жатса, қаржыны қалай жұмсау керектігі жайлы үлкендерден кеңес сұраңыз. Дандайсып кетуден ада болыңыз.
Арыстан
Арыстандар бұл аптада саяхатқа шығуы мүмкін. Егер саяхат туралы ұсыныс кеп жатса, бас тартпаңыз. Көптен ойлаған мақсатыңызға жетесіз. Саяхаттың нәтижесі сізді қуантары сөзсіз. Бір ойлағаныңыз болса, отбасы мүшелерімен ақылдасқан жөн. Егер олар сіздің пікіріңізге түбегейлі қарсы болса, алаңдамаңыз. Біраз уақыттан кейін тағы айналып келсеңіз, ойлары өзгеруі мүмкін.
Бикеш
Бикештер бұл аптада еркіндікте жүреді. Қиял аспанында жүрген сәтте жерден біреу шап беріп ұстап, төменге түсіріп алуы мүмкін. Мейлінше, сабырлы болыңыз. Жол, көше, тіпті қоңырау үзілмеген ұялы телефоныңыз тыныштығыңызды алуы мүмкін. Жүйкеңізді сақтаңыз. Ұсақ дүниелерге мән бермеңіз.
Таразы
Таразылар бұл аптада күйзеліске ұшырауы мүмкін. Қаржы мәселесінде тығырыққа тірілсеңіз, уайымдамаңыз. Көк қағаз үшін салыңыз суға кетпесін. Одан да құндырақ дүниелер бар. Туғандар, достар, денсаулыққа мән беріңіз. Рухани құндылықтарға мән беріңіз. Мүмкін, бар мәселе осы да шығар. Байлықты өзіңізден биік қоймағаныңыз жөн. Сапар шығар ойыңыз болса, құба-құп. Табиғат аясына шығып, сейіл құрып, тынығыңыз.
Сарышаян
Сарышаяндар бұл аптада өзін сәл тежей алуы керек. Үнемі топ бастап жүретін Сарышаяндар бұл жолы өз орнында қалғаны дұрыс. Жеке өміріңізге мән беріңіз. Айналаңызда қандай өзгерістер болып жатқанына көз салыңыз. Жақсылықтан қол үзбеңіз.
Мерген
Заңға бағынбаушылықтан алсы жүріңіз. Жолда жүру ережесін, қоғамдық ортада жүру ережесін берік сақтаңыз. Аяқ асты дайындалған тосынсыйлар да күтіп тұр. Мүмкін бұл теңізге демалыс туралы ұсыныс болар, бас татрпаңыз. Темірді қызған кезінде басу керек.
Тауешкі
Тауешкілерде аяқ астынан бір жағдай туындауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын, өмірдің әзірлеген тосынсыйына дайын болыңыз. Сабырлы әрі салмақты болуға тырысыңыз. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Ата-анаңызды қуантуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Жұмыс барысындағы серіктесіңіз немесе сүйіктіңіз сіздің көмегіңізге мұқтаж. Сіз де оның жағдайын түсінуге тырысыңыз. Тапсырылған істі толық әрі дер кезінде істеген жөн. Қоршаған ортаға көңіл бөліңіз. Сіз көрмей жүрген жайттар болуы мүмкін.
Балықтар
Бұл аптада Балықтарға біршама іс артылайын деп тұр. Олардың ішінен «істей аламын-ау» дегенді жасау керек. Саулығыңызға мән беріңіз, жұқпалы аурулардан сақ болыңыз. Жұмыста да, үйде де ауыр істер жасамауға тырысыңыз. Сіз ойламаған жерден табысты болуыңыз әбден мүмкін.
Г. Берік