Жұлдыз жорамал: 25.04.16 - 01.05.16

Тың ойлар ойлап, ой бұлтында фантастикалық суреттер сала білу де – өнер. Апта сәтті өтсін!

Тоқты

Аптаның басы Тоқты жұлдызындағы адамдар үшін жаңа таныстыққа толы болмақ. Олар мақсатына жету үшін өміріне бір мезет тыныштық орнатуы тиіс. Ал апта ортасында әсіресе бейсенбі күні тосынсый күтіп тұр. Апта соңында жора-жолдастармен, туыстармен тынығып, мақсатыңыз жайлы ақыл-кеңес сұрап, білуге мүмкіндік туады. Жексенбі күні үш ұйықтаса да түсіне кірмеген жағдай орын алады, бұл жағдай – оның көптен күткен тілегі.

Торпақ

Бұл аптада Торпақтар аңғарымпаздығымен ерекше көзге түседі.  Өз дегеніне қол жеткізуді қаласа, өзгелердің сынына құлақ аспағаны жөн. Аяқтан шалғандармен сырттай күресіп жүре берген абзал. Апта соңында өткенге есеп беріп, кешегі қателіктерді ертең жасамас үшін бәрін бүгін еске алу керек. Жексенбі күні өміріне шағын өзгеріс енгізетін ерекше жанмен танысуы мүмкін. Ол үшін тұйықталмаған дұрыс.

Егіздер

Аптаның басы таңдаумен басталады. Бұл ретте мидың емес, жүректің сөзіне құлақ асқан жөн. Кикілжіңнен алыс болған дұрыс, қателік – Егіздердің емес, қарсы жақтың тарапынан болмақ, сол себепті, барлық  жағдайға сабырмен қарау керек. Қызғаныштың да белгілері байқалатын болады. Адамдарға деген көзқарас аяқ асты өзгеріп шыға келеді.  Ал апта соңында Егіздер өздері қоршаған ортаға танытады: даудың басын шешу, адамдарға қолдау көрсету сынды қабілеттерімен көзге түседі.

Шаян

Аптаның алғашқы күндері адамдармен жақынырақ танысудан басталады. Көзге көрінбейтін дүниелер олардың жүйкесіне тиюі мүмкін. Жұлдыздар апта ортасында маңызды жоспар құрмауға кеңес береді. Маңызды кездесу, аяқ астынан туындаған мәселе оның өмірін басқа арнаға бұруы мүмкін немесе үлкен із қалдырады. Ал апта соңында өзгелер Шаяндардың сөзіне құлақ аспауы мүмкін, сол себепті, барлық істі өзі-ақ тындырады. Бастысы, өзіне деген сенім аласармасын!

Арыстан

Аптаның басы өзгелерге қуаныш сыйлаумен басталады, айналадағы адамдарға қабілетін танытып, өзіндік пікірімен ерекшелене алады. Ал апта ортасында ойлаған ісі жүзеге асып, тасы өрге жылжиды. Аптаның соңында Арыстандарға «ақырын жүріп, анық бас» деген даналықты ұстанған жөн. Туындаған мәселеге байыппен, асықпай қарайтын болса, шешімі табылары сөзсіз. Аптаның салмағынан шаршап қалған Арыстандар апта соңында еркінсіп қалмауы тиіс.

Бикеш

Бикештер бұл аптаны үй тіршілігіне арнай алады, өзі ойдан бір мәзір тауып немесе ешқашан дайындап көрмеген тағамды әзірлеп, үй жинауда жаңа әдіс ойлап, жаңа қырынан танылады. Аптаның ортасында көшбасшылығымен көзге түседі. Бірақ достарының қалжыңы біраз қайрауы мүмкін, сол үшін мейлінше сабырлылық таныту керек. Аптаның соңында тың әлеммен танысып, айналаға өзгеше көзқараспен қарап, көкжиектен ары көз салады.

Таразы

Аптаның басы үй не кеңсе тазалығынан басталуы мүмкін. Бірақ, қауырт шаруа мен ауқымды мәселені шешу кезінде тазалыққа мән беретін уақыт табылмайды. Аптаның ортасы – туған-туыстармен бас қосып, үйге жиналуға сәтті кез. Қуаныштармен бөлісіп, жаңалықтардың жаршысы атанып, көзайым болғанға не жетсін?! Ал, аптаның аяғында олардың ұйымдастырушылық қабілеті артып, басқарушылықпен көзге түседі.

Сарышаян

Аптаның басында көзге ілінбейтін дүниелерге біраз ақша жұмсап, сан соғып қалуы мүмкін. Сол үшін артын ойлаған дұрыс. Апта ортасында қаржы мәселесі бойынша ұсыныс түссе, бас тартпаған абзал. Өзгелердің сырына үңілудің қажеті жоқ. Жұлдыздар құпиялардан қашық болуға кеңес береді. Аптаның соңын достармен өткізіп, туған-туыстармен сыр бөлісуге арнаған жөн. Жақындарға жәрдем беру керектігін бір сәт еске алған дұрыс.

Мерген

Мергендер аптаның басында «мен» ұранымен көп тіршілік тындыра алады. «Мен жасай аламын» деген сенімділікпен көптің көзіне түсіп, өзіне де, өзгеге де көмектеседі. Аптаның ортасында қаржы мәселесі оң нәтижемін шешіліп, бір қуантады. Ал аптаның соңында ұйымдастырушылық қабілеті артып, тың идеямен белсенділігімен ерекшелене түседі.

Тауешкі

Аптаның басы тың идеяларға толы. Шығармашылық ойларды жоғалтып алмас үшін, қойын дәптеріңізге түртіп жүрген дұрыс. Тауешкілер шабытымен өзге түгілі, өзін таңғалдыра алады. Аптаның соңында табысты кәсіптің көзі табылуы мүмкін. Бар мүмкіндіктен айрылып қалмай, дер кезніде жауап қатып тырысу керек. Аптаның соңында бір тосынсый күтіп тұр. Бірақ оның Таушкілерге ұнау-ұнамауы екіталай.

Суқұйғыш

Аптаның басында қиялға ерік берген абзал. Тың ойларға шомып, ой бұлтында фантастикалық суреттер сала білу де – өнер. Аптаның ортасында табан астынан бір оқиғаға тап болса, таңғалмау керек, себебі тосынсый күтіп тұр. Әр жағдайды, жаңалықты жақсы көңіл-күймен қабылдаған дұрыс. Ал аптаның соңында аталған белгі иелері мол энергияға ие болатыны соншалық – тіпті айналадағы адамдарды таңғалдырады.

Балықтар

Балықтар аптаның басында өміріне өзгеріс енгізгісі келеді, егер олар шынымен қаласа оны істей алады. Мысалы, шашын қиып, сәнденіп, жұмысқа күнделікті емес, басқа жолмен барып шағын жаңалық аша алады. Тәуекелге бел буып, күтпеген жобаның негізін қалауы мүмкін. Көңілді алаңдататын нәрселерге мән бермеу керек. Апта соңында Балықтар рухани ортаға барып, күш алып қайтқаны дұрыс. Көшбасшылыққа таласып қажет емес, өзгелерге қол ұшын беріп, жәрдемдессе, көпке пайдасы тиері анық.