Жұлдыз жорамал: 24.11.2014-30.11.2014

Жұлдыз жорамал: 24.11.2014-30.11.2014

Кейде бала күнімізден дос болып, қырда бірге асыр салып ойнаған жандар да алдап кетуі мүмкін. Бірақ бір адамға бола өзгелердің барлығына ренжігеніміз жарамас. 

  Тоқты. Басшылықтың көп тапсырма беруіне әріптестеріңіздің ешқандай да қатысы жоқ. Сондықтан оларға ашуланбағаныңыз абзал. Бұл апта ішінде істің барлығына қол сілтеп кетіп қалғыңыз келетін сәт жиі қайталанады. Барлығын қалпына келтіру қиын болатындықтан, ашуға бой алдырмауға тырысыңыз. 
     
  Торпақ. Айналаңыздағылармен сөйлескен кезде сақтық шаралары туралы ұмытпағаныңыз жөн. Алдағы аптада айналысып жүрген ісіңіз туралы ешкімге тіс жармауға тырысыңыз. Мұнымен қатар әріптестеріңіз сенгіштігіңізді пайдаланып кетуі мүмкін болғандықтан, жұмысқа қатысты қағаздарды ешкімнің қолы жетпейтін жерге қойыңыз. 
     
  Егіздер. Демалыс күндері келгенше түнге дейін жұмыста отыруыңызға тура келеді. Алайда нағыз оптимист болып, жиналып қалған барлық істі демде ретке келтіресіз. Қаражат мәселесі де шешіліп, жалақыңыз көбейеді. 
     
  Шаян. Көптен бері күшіңізге сенбей жүрсіз. Оныңыз орынды. Осы аптада еститін ақпарат өміріңізді түбегейлі өзгертіп, қиындықтарыңызды достарыңыз бен жақындарыңыздың арқасында шешесіз. Демалыс күндерінде туған-туысқандарыңызбен бірге болып, уақытты көңілді өткізесіз.  
     
  Арыстан. Ұжымға сіңісіп, күндеріңіздің барлығы табысты болады. Дайын болыңыз, себебі басшылық сізге жаңа жобаны қолға алуды ұсынуы мүмкін. Берілген тапсырманың барлығын ойдағыдай реттеп, айналаңыздағылардың алдында беделіңіз жоғарылай түседі. 
     
  Бикеш. Болашаққа жоспар құратын уақыт келген сияқты. Баяу болса да, мақсатыңызға әйтеуір бір жетесіз. Жақын уақыттың ішінде туысқандарыңыз бен достарыңыз жағымды жаңалық естіртеді. 
     
  Таразы. Әсіресе аптаның екінші бөлігінде қолға алған кез келген іс нәтижелі болып, көптен күтіп жүрген армандарыңыз орындалады. Сондықтан күш-қуатыңызды үй жұмыстарын реттеуге жұмсап, жақын адамдармен тіл табыса түскеніңіз абзал. Таныстарыңыздың қатары көбейіп, жаңа адамдармен жолығасыз. 
     
  Сарышаян. Асықпай мақсатыңызға бір қадам жақындай түссеңіз, барлығы ойдағыдай болады. Ал егер жалқауланатын болсаңыз, өміріңіздегі ең қызықты деген сәттерді жіберіп алуыңыз мүмкін. Жақын күндердің бірінде жаңа жұмысқа шақырту алуңыз да ғажап емес.
     
  Мерген. Қалауын өзгелерге айта бермесе, үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Дұрысында ойға алғаныңызды ешкімге білдірмей жүзеге асырғаныңыз жөн. Ақшаны қаншалықты жұмсайтыныңызға мән беріп, үнемдей түсіңіз. Қиын сәтте туысқандарыңыз бен әріптестеріңіздің көмегіне ойланбастан жүгінуіңізге болады.
     
  Тауешкі. Қолға алынған жобалар өз жемісін береді. Ал қаражат мәселесіне байланысты қиындықтар оңай шешіледі. Келісімшартқа ойланбастан қол қоймағаныңыз өзіңізге жақсы. 
     
   

Суқұйғыш. Адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Нәтиже болғанын қаласаңыз, нақты бір адаммен ғана келісіңіз. Қиындықтарды ашып талқылаңыз. Апта ортасында ерекше тазалықты, жарқын көңіл-күйді аңсайсыз. Егер көңіл күйіңізді көтерер достарыңыз болмаса, комедиялық фильмдер көріңіз.  

   


Балықтар. Эмоцияңызды жасырып, барлығына сын көзбен қараңыз. Кейбір істі қадағаламасаңыз да болады. Тек біраз күту қажет. Өзіңізден ақылды әрі көпті көрген адамның сөзіне құлақ асыңыз.

 

     

Сурет:rumbur.ru 

Қ. Бүйенбай