Өткен өмірге деген өкпені артты қалдырып, жаңа өмір бастайтын уақыт келген сияқты. Қандай жағдай болмасын, барлығын қайта қалпына келтіруге болатынын біліңіз.
Тоқты
Аптаның алғашқы бөлігінде ақшамен байланысты қиындықтарыңыздың барлығын ретке келтіресіз. Отбасында тыныштық орнатып, қызметте дәрежеңіз жоғарылайды. Күш-қуатыңыздың молдығын пайдаланып, күн тәртібіңізге өзгеріс енгізуіңізге болады. Мұнымен қатар, зиянды әдеттерден арылып көруге тырысқаныңыз жөн. Әйтпесе созылмалы ауруларыңыз асқынып кетуі мүмкін.
Торпақ
Махаббат мәселесінде жолдары болады. Әсіресе көптен бері сөз байласып жүрген ғашықтардың бір-біріне деген сезімі арта түседі. Тіпті заңды түрде некелесулеріңіз мүмкін. Өкінішке орай, аптаның екінші бөлігінде бүйрегіңіз бен асқазаныңыз қатты ауырады.
Егіздер
Аптаның алғашқы бөлігінде ақшамен байланысты қиындықтарыңызды шешкеніңіз жөн. Мұнымен қатар, отбасында маңызды мәселелерді талқылауды ұмытпаңыз. Егер қаланың сыртында жеріңіз болса, тезірек үй салуға асығыңыз. Әйтпесе құжатқа қатысты қиындықтар туындауы мүмкін.
Шаян
Аптаның алғашқы бөлігінде жаңа жерлерді аралауға барып, өмірлік жарыңызды жолықтырасыз. Пайдалы ақпараттар айтатын адамдармен кездесесіз. Басыңызда бар білімнің арқасында оқуға түсіп, барлық жұмысыңызды ретке келтіресіз. Ал аптаның екінші бөлігінде отбасыңызға қатысты қиындықтар туындайды.
Арыстан
Аптаның алғашқы бөлігінде ақшаға қатысты барлық мәселені ретке келтіресіз. Әрбір қадамыңызды алдын ала болжау арқылы жетістіктерге жетесіз. Ал аптаның екінші бөлігінде достарыңызбен немесе туысқандарыңызбен ренжісесіз. Олар сізге орынсыз сын айтатын болады.
Бикеш
Барлығы өзіңіз жоспарлағандай жүзеге асады. Көңіл-күйіңіз де жақсы болады. Мұнымен қатар, жақындарыңыз бен әріптестеріңіз кез келген істе қолдайтын болады. Сондықтан осы апта ішінде бар уақытыңызды өзіңізді дамытуға, қызмет жолында ілгерілеуге арнағаныңыз жөн. Аптаның соңына қарай көп ақша жұмсаудан сақ болыңыз.
Таразы
Жұлдыздар барынша сабырлы болуға кеңес береді. Барлық ісіңізді кейінге қалдырып, демалуға тырысыңыз. Дәл қазір әрекет жасаудың орнына, бар уақытыңызды тек армандауға жұмсағаныңыз жөн. Миыңызды тынықтыру үшін ауылға барып демалып қайтуыңызға болады. Диета ұстап, ағзаңызды тазартыңыз. Әйтпесе ауруларыңыз асқынып кетуі мүмкін.
Сарышаян
Белсенділікті талап ететін спорт түрлерімен айналысқаныңыз жөн. Қаласаңыз, ауылға барып серуендеп қайтыңыз. Миыңыз тынығып, тынысыңыз кеңейеді. Мұнымен қатар, қызметте серік, өмірде жолдас болатын жандарды іздегеніңіз жөн. Қайырымдылықпен айналысасыз. Қатарластарыңыздың арасында беделіңіз артады.
Мерген
Күтпеген жерден табысқа кенеліп, қатарластарыңызды таңқалдырасыз. Ең бастысы, барлығына өз күшіңізбен жетесіз. Алдыңызға қойған өмірлік мақсатыңыз болса, жұлдыздар оларды міндетті түрде жүзеге асыруға кеңес береді. Яғни оны жүзеге асыру үшін аянып қалмаңыз. Танымал адамдармен қарым-қатынасыңызды пайдалануға тырысыңыз. Кез келген сайыста жүлделі орынға ие боласыз.
Тауешкі
Басыңыздағы білімнің арқасында көп жетістікке жетесіз. Сондықтан міндетті түрде оқуға тапсырып, қосымша курстар оқыңыз. Пікір-талас клубтарына жазылыңыз. Осылайша бойыңыздағы кемшіліктерден арыласыз.
Суқұйғыш
Нар-тәуекелге бел буып, жақындарыңызды тығырыққа тірейсіз. Қандай қиын жағдайға тап болсаңыз да, «сүттен ақ, судан таза» болып шығасыз. Экстремалды спорт түрлерімен айналысқаныңыз жөн. Қаныңыздағы адреналиннің мөлшері көбейген сайын, өзіңізді барынша жақсы сезінетін боласыз. Мұнымен қатар, қаржылай қиындықтарыңызды ретке келтіресіз. Банктегі шотыңызға көп ақша түседі.
Балықтар
Ғашық жандардың бір-біріне деген сезімі арта түседі. Аптаның алғашқы бөлігінде некелесу рәсімін өткізіп, сөз байласасыз. Заңды түрде некелеспесеңіздер де, сүйіктіңіз өзінің туысқандарымен таныстыруы мүмкін. Кез келген шеше алмай жүрген сұрағыңыздың жауабын табасыз. Өкінішке орай, аптаның екінші бөлігінде өзіңізді жайсыз сезінесіз.