Жұлдыз жорамалды сенуге тұрмайтын сандырақ санайтындар бар. Жақсы нәрсе жазылса, жақсылыққа сене білсеңіз, әр нәрсе адамның өз сеніміне байланысты.
Тоқты
Жұмыста да, отбасылық өмірде де өзіңізді басшылық қырыңыздан көрсете біліңіз. Өз өзіңізді дамытуды қолға алыңыз. Ойға алған ісіңізді ұсақ-түйегін түгел ойластыру қажет. Қазір жаңа технологияны игеретін, тіл үйренетін, сурет үйірмесіне қатысатын таптырмас уақыт.
Торпақ
Жеке кәсіп және шығармашылық тұрғысындағы идеяларыңызды жүзеге асыратын сәт туды. Дүйсенбіден бастап келісімшарттарды бекітіңіз. Басты мақсатыңыз бен идеяңызды, жоспарларыңызды көпшілікпен бөлісуге асықпаңыз. Жасайын деп жатырмын деп емес, жасадым деп қана айтуға дағдыланыңыз. Жұма күні бар мәселеңіз оңтайлы шешіледі.
Егіздер
Бұл апта сізден жұмыста мұқият болуды талап етеді. Демалыс күндері романтикалық сәт туғызуға тырысыңыз. Бар күш-қуатыңызды жұмысқа салыңыз. Денсаулығыңызға күтіммен қараңыз. Араласқыңыз келмейтін кісілерге өтірік күлгенше, қазірден бастап іргеңізді аулақ салуға тырысқан абзал. Ішкі тепе-теңдігіңізді сақтау үшін өзіңізге көңіл бөліңіз.
Шаян
Осы жұма достық қарым-қатынасқа және балалармен жақын араласуға сәтті болмақ. Әріптестеріңіз бен сүйікті адамыңызға қатысты кикілжің туындауы мүмкін, алдын алу шараларын қарастырыңыз. Көкжиегіңізді кеңейтіңіз, сапарға шығыңыз. Бастаған ісіңізге қарама қайшы ой тууына дайын болыңыз.
Арыстан
Алға жылжуға кедергі келтіретін ойдың бәрінен осы апта миыңызды арылтыңыз. Күдіктердің тамырына балта шабыңыз. Өткен қателіктерді ойлап, бас қатыра бермеңіз. Қателік тек жетістікке жол ашады. Мәселелерді шешу үшін көзқарасыңызды өзгерткен ләзім.
Бикеш
Дүйсенбі мен сәрсенбі күні маңызды шешім қабылдамай кідіре тұрған жөн. Оның орнына өткен істеріңізді сараптап, енді не істеу керегін ойластырыңыз. Бейсенбі жаңа істердің іргесін қалауға, жаңа жұмыс іздеуге, көшуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сәтті күн. Оптимистік көзқарас шешілмеген түйіндерді реттеуге, досыңызға қол ұшын созуға негіз болады.
Таразы
Кәсіби саладағы және жеке өмірдегі олқылықтарды түзетуге күш салыңыз. Қазір осы жағдайға мүмкіндік туып тұр. Апта ортасында эмоцияңызға ие болып, сезіміңізді басқара біліңіз. Жұма күні бойыңызда күш-жігер тасып, шығармашылық шеберлігіңіз шыңдала түседі. Осы сәтті пайдаңызға жаратыңыз.
Сарышаян
Белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен жүрсеңіз, осы апта ең сәтті кез болмақ. Жеке өміріңізде бәрі үндестік тауып, өз сезіміңіз қандай болса, сондай тәтті махаббатқа кенелесіз. Балалар жетістігіне шаттанасыз. Жұма күні бар мәселеден тынығатын уақыт. Жексенбі күнін сүйіктіңізбен бірге өткізесіз.
Мерген
Әріптестеріңіз не достарыңызбен талас тудыратын әңгімеге жоғарыдан қарауға тырысыңыз. Қызыл кеңірдек болып керіспей, парасатты көзқараспен қарап көріңіз. Байыпты әңгімеге айналдырыңыз, бұл сіздің қолыңыздан келеді. Жеке өміріңіз қалай жалғасары сүйікті адамыңызға байланысты.
Тауешкі
Қуанышты жай да, мұңды оқиға да осы аптада орын алуы мүмкін. Басшылық сіздің жұмыс уақытында өзге іспен айналысып отырғаныңызды көрсе, аяушылық танытпайды. Дүйсенбі күні мұң сыйлауы ғажап емес, есесіне сейсенбі мен сәрсенбі сәттілікке толы болмақ. Бейсенбі күні маңызды қадамдарға бармай-ақ қойғаныңыз абзал. Жексенбі күні отбасында өзара түсіністік пен сенімділік сезімі арта түседі.
Суқұйғыш
Еріншектікке бой жеңдірмеңіз, жетістікке жететін жолды жабатын жалқаулық қана. Аптаның алдыңғы бөлігін бұрыннан жиналып қалған істеріңізді тындыруға арнаңыз. Сабырлылық пен төзімділік бар сәттілік кілті екенін естен шығармаңыз. Ақылды да парасатты болыңыз. Сыбайласыңызбен келеңсіздік тумауын басты назарда ұстаңыз.
Балықтар
Бұл жұма өткен жұмалардан өзгерек. Мұқияттылық деңгейіңіз жоғарылайды. Ішкі түйсігіңізге сенсеңіз, жұрт сізді мықты психолог ретінде танитын болады. Сейсенбі мен сәрсенбі күні маңызды кездесулер, бақ сыйлайтын бас қосулар, табысты танысулар күтеді. Апта аяғында интернетте қызықты хабарлама қуантуы ықтимал.