Жұлдыз жорамал: 23.05.2016 - 29.05.2016

Көктемнің соңғы аптасын керемет көңіл-күймен шығарып салайық! Жаз маусымына дайындықты киімнен емес, көңіл-күйден бастайық!

Тоқты

Тоқтылар үшін бұл апта күреспен өтпек. Аптаның басында адамдармен сөзге келіп, өз пікіріңізді ашық білдіруге тырысасыз. Әлеуметтік желіде айталған жаңалықтарға салқынқанды қарауға үйреніңіз. Өзіңіздің көңіл-күйіңізді, жүйкеңізді бірқалыпты сақтағыңыз келсе, ғаламтордан бас тартаңыз. Ал аптаның екінші бөлігінде мейлінше сабырлы болуға тырысыңыз. Арыз-шағым жазудан аулақ болыңыз.

Торпақ

Торпақтар аптаның басында қаржыдан таршылық көруі мүмкін. Әзірге қажеті аз дүниелерге ақшаңызды құртып алмаңыз. Мейлінше, ақшаны үнемдеп ұстаңыз. Жұлдыздар қарыз не несие алуға кеңес бермейді. Сүйіктіңізбен осы мәселеде дау туындауы мүмкін. Сол себепті де, бір кезек сүйіктіңіздің сөзіне құлақ салыңыз. Бұл апта сауда жасауға оңтайлы кезек емес.

Егіздер

Егіздер аптаның басында сүйіктісінің назарын аударту үшін өзгеруі мүмкін. Мінез-құлық мағынасында емес, әрине. Шаш, киім кию үлгісін өзгертуі әбден мүмкін. Қай бағытқа өзгерсеңіз де, назар аудара алуға тырысыңыз. Артық қыламын деп жүріп, тыртық қылып алмаңыз. Аптаның екінші бөлігінде жұмыста кедергілер туындауы мүмкін. Ашуға берілмей,  барынша сабырлы болуға ұмтылыңыз. Отбасыңызға көңіл бөліңіз.

Шаян

Бұл аптада Шаяндар қиындыққа тап болуы мүмкін. Қандай жағдай болмасын, достарыңыздың қолдауында жүріңіз. Олар сізді ешқашан жалғыз тастамайды. Себебі, айналаңыздағы адамдар өте сенімді әрі достыққа адал жандар. Дене қызуыңыздың көтерілуінен қашыңыз, жылы киініп, суықтан алшақ болыңыз. Өзіңізге көп жүк артпаңыз. Екінгші аптада жаңа адмадрамен танысудың қажеті жоқ. Уақыт жоғалтып алмаңыз.

Арыстан

Жұлдыздар бұл аптада Арыстандарға мақсат қойып, өз ойына тұрақты болуына кеңес береді. Бұл аптада құрылған жоспар орындалады деп сендіреді.  Дау-дамайдан қашық болыңыз. Бос уақытта достармен өткізіп, олармен қарым-қатынасты үзіп алмауға тырысыңыз. Аптаның екінші бөлігінде қаржыны ақылмен жұмсаңыз. Қажеті аз дүниелерге бас қатырмаңыз.

Бикеш

Бикештер қарым-қатынасты жақсы көреді. Осы қабілетімен Бикештердің атсы өрге домалайды. Бұл аптада отбасының арасында туған кикілжің сізді бейжай қалдырмайды. Аптаның бірінші бөлігінде жұмыс жөнінде жақсы ұсыныс түсуі мүмкін. Бұл жұмыс кәсіби дәрежеңізді көтереді, сол үшін бас тартпаған жөн. Бірақ осы турасында отбасыңыз келіспеуі мүмкін. Себебі, жұмысбастылығыңыз оларға ұнаймайтын секілді.

Таразы

Бұл апта Таразылар үшін күйзеліске толы болмақ. Достармен, көршілермен, әріптестермен, отбасы мүшелерімен жиі сөзге келмеуге тырысыңыз. Өз пікіріңізді жеткізу үшін ашуды қатыстырып керек емес. Бәрін сабырмен жеңуге тырысыңыз. Бір жаққа жолға шықпақ болсаңыз, кедергілерден қашыңыз. Аптаның екінші бөлігінде бейтаныс адамдармен таныспаңыз. Құпияларыңызды аша бермеңіз.

Сарышаян

Аптаның алғашқы бөлігі Сарышаяндар үшін қаржы мәселесімен басталмақ. Айдың аяғында көптеген жұлдыз белгісі осы мәселемен көп ойланады. Соның бірі – Сарышаян. Ақшаны жиі жаратып, қарызды көбірек алады. Жұлдыздар бұл аптада сауда жасамауға кеңес береді. Аптаның екінші жартысында достар арасында кикілжің тууы мүмкін. Көңіл көтеретін сауық кештерге бармауға тырысыңыз.

Мерген

Мергендер бұл аптада іскерлік қабілетімен танылады. Аптаның басында серіктестік бағытында біраз адаммен сөзге келу қаупі сезіледі. Барлық кикілжіңге дайын болыңыз. Өз сөзіңізді дәлелдей алатын қасиетіңізбен дараланарыңз сөзсіз. Күйзеліс кезінде сабыр сақтап үйреніңіз.

Тауешкі

Тауешкілердің бұл аптаны махаббат пен шығармашылыққа арнаса болады. Романтикаға толы бұл апта олар үшін жұлдызды аптаға айналмақ. Аптаның басында жұмыста қиындық тууы мүмкін, бірақ сабырлық бәрін жеңе аласыз. Энергетикалық қуатыңыз әлсіремес үшін жеміс-жидек жеп, белсенділігіңізді арттырыңыз. Жүрген жеріңізді заң бұзушылықтан ада болыңыз. Алыс сапарларға асықпағаныңыз дұрыс.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар бұл аптаны отбасының ортасында өткізгені дұрыс. Көңіл көтеретін орындарға баруға жұлдыздар кеңес бермейді. Қалтаңызды әрі уақытыңызды үнемдеу керек. Дау-дамайдан қашық болыңыз. Отбасы мүшелерінің әрқайсысымен сөйлесіп, олардың сырын ұғынуға тырысыңыз. Мүмкін біреуіне жылы керек болар. Қамқорлық танытыңыз.

Балықтар

Балықтар бұл аптада позтивтті көңіл-күймен жүреді. Қарым-қатынасты берік орната алатын қабілетімен көп жерде өзін көрсете алады. Егер жұмыста басшылық үлкен іс артып жатса, ал сіз қиналып, бітіре алмай жүрсеңіз, сізге көмек көрсете алатын жандардан қолдау сұраңыз. Маңызды құжаттарға қол қоюға асықпаңыз.