Жұлдыз жорамал: 23.03.2015-29.03.2015

Күн мен Сатурн арасындағы байланыс апта бойы сақталады. Осының салдарынан әрбір жұлдыз иесінің қозғалысы баяулайды. Алайда әрқайсысы ерекше сенімділікке ие болады. 

Тоқты

Аптаның алғашқы бөлігі олар үшін сәтті өтеді. Осы уақыт ішінде нар тәуекелге барып, көп істі аяғына дейін жеткізеді. Ең бастысы, сезімге емес, ақылға бой алдырады. Қиындықтарыңызды өзіңізден басқа ешкім шеше алмайтынын біліңіз. 

Торпақ

Аптаның алғашқы бөлігінде бұрын-соңды таба алмай жүрген сұрақтардың жауабын іздейді. Егер біреудің сатқындық жасап жүргенін сезсеңіз, оны сырттай бақылап көріңіз. Күдігіңіз расталуы мүмкін. Дәл қазір адамдардың болмысын тани алатындай күйде жүрсіз. 

Егіздер

Аптаның алғашқы бөлігінде сүйіктісімен қарым-қатынасы жақсарады. Екінші жартыңызға толықтай сенім артуыңызға болады. Мұнымен қатар, дәл қазір – сүйіктіңізбен бірге болашақтарыңызды жоспарлап, маңызды шешім қабылдайтын уақыт. Ал көлік сатып алу мәселесін кейінге қалдырғаныңыз жөн. 

Шаян

Қызметте жоғарылауыңыз мүмкін. Басшылықтың айтқанын дәл уақытында орындап отырсаңыз, олардың сеніміне кіресіз. Беделді адамдарға жақын жүріңіз. Өзге мемлекетте немесе өзге қалада тұратын адаммен сөзіңіз жарасып, отбасын құруыңыз мүмкін. 

Арыстан

Арыстандар отбасын құру туралы шешім қабылдайды. Бұл әсіресе сүйіктісімен ұзақ уақыт бірге жүрген жандарға қатысты айтылуда. Әрине араларыңызда бұрынғыдай лаулап жанған сезім оты жоқ. Алайда оның адалдығына күмән келтірмесеңіз болады. Дәл қазір кез келген адам сізге қол ұшын созуға дайын екенін біліңіз.

Бикеш

Үйге қатысты мәселелерді толықтай реттейсіз. Мұнымен қатар, қаржылай қиындықтар болмайды. Сүйіктіңізді сөзсіз түсінетін дәрежеге жетесіздер. Аптаның соңына қарай жоспарланған қыдырудан бас тартыңыз. Себебі, күтпеген жерден көлік апаты болуы мүмкін.

Таразы

Дәл қазір – ғашықтардың қарым-қатынасын нығайтуға таптырмас уақыт. Туған-туысқандарыңыз, таныстарыңыз бен достарыңыз мұны реттеуге көмектеседі. Бұдан өзге денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз жөн. Көктем мезгілінде барлық ауру асқына бастайтындықтан, дәрігерлік тексеруден өтуді ұмытпағаныңыз жөн. 

Сарышаян

Осы аптаның ішінде қаржылай қиындықтарын толығымен шешеді. Берілген тапсырманы уақытында орындап, жалақыңыз өсіп отырады. Шақырған тойлардан қалып қоймаңыз. Әйтпесе достарыңыз өмір бойы ренжіп өтеді. Ал аптаның соңына қарай табандылық танытудан аулақ болыңыз.  

Мерген

Сіз өз дегеніңізге асықпай жететін боласыз. Жүзеге асырғыңыз келетін идеяларыңыз өте көп. Алайда олардың ішінен тек шығармашылыққа қатыстыларына ғана көңіл бөліңіз. Сүйіктіңізге мәңгілік есінде қалатындай тосын сый жасайсыз. Алысқа саяхаттаудан бас тарта тұрғаныңыз жөн. 

Тауешкі

 

Отбасыңызға уақытыңызды көбірек арнаңыз. Бұл – сізді шын жүрегімен жақсы көретін адамдар жиналған орта. Сүйіктіңізбен кездесуге жиі баратын боласыз. Ал жалғыз жүрген тауешкілер саяхаттау кезінде өмірлік жарын жолықтыруы мүмкін. 

Суқұйғыш

Апта бойы жүгіріп жүрулеріне тура келеді. Бұл жұмыстың көптігіне байланысты болса керек. Айналаңыздағы барлық адаммен тіл табысасыз. Ескі достарыңызбен қайта қауышасыз. Мұнымен қатар, осы апта ішінде волонтерлікпен айналысуыңыз мүмкін. 

Балықтар

Осы апта ішінде ақшаңызды екі еселеуге мүмкіндік туады. Қызметте жоғарылауыңыз да ғажап емес. Басшылық сізге ерекше қаталдық танытады. Алайда олардың бұл әрекеттері өте дұрыс. Ұсыныстардан бас тартпағаныңыз жөн. 

Сурет: cluber.ua