Жұлдыз жорамал: 23.02.2015 - 01.03.2015

Сізге көп мүмкіндіктің есігі ашылады. Оларды барынша пайдалануға тырсыңыз. Себебі, уақыт пен мүмкіндік еш уақытта қайтып оралмайды. 

Тоқты

Бейсенбіге дейін ерекше белсенділігіңіз өзіңізге кедергі жасайды. Қателіктер жіберіп, жылдам ашулануға бейім келесіз. Алайда дүйсенбі күні бар қиындығыңызды шешіп, сауда жасайсыз. Бейсенбі күні жаңа жоспарлар құрасыз. Ал жұма күні жаңа іс бастайсыз. Сенбіден жексенбіге қараған түні өзіңізді жайсыз сезінесіз. Бір нәрсені қажетсінгендей боласыз. Мұнымен қатар, жақындарыңыз сізді бағалайтын болады.

Торпақ

Аптаның алғашқы бөлігінде қаржы мәселесінде жолыңыз болады. Күтпеген жерден қосымша табыс көзі табылуы ғажап емес. Жұма күні жеке өміріңізге қатысты мәселелерді саралайсыз. Эмоцияға байланысты қиындықтар аптаның соңына дейін сақталады. Мұнымен қатар, махаббат сезімінің шарайна секілді нәзік екенін ұмытпағаныңыз жөн.

Егіздер

Жыл бойы жүзеге асыруды армандаған жоспарларыңызға дәл осы апта ішінде жан бітіресіз. Ұтымды идеяларыңыз бен сұрақтарыңыз болса, басшылыққа жолыққаныңыз жөн. Оқуға байланысты шетелге шығуды жоспарлап жүрген болсаңыз, осы аптаны тиімді пайдалануыңызға болады. Демалыс күндері оқыс қимылдардан сақтаныңыз. Бұл уақытты спорт пен үй шаруасына арнаңыз.

Шаян

Кенеттен өзіңіз үшін ұтымды ұсыныстар естисіз. Дүйсенбі күні қаржы мәселесіне қатысты қиындықтарды шешесіз. Сейсенбіде серіктестеріңізбен жолығып, келісім-шартқа қол қоясыз. Бейсенбі күні айдың жаңаруы өзіңізді жағымсыз сезінуге әсер етуі мүмкін. Барлық жаңалықтан хабардар болсаңыз да, демалуды ұмытпаңыз. Аптаның соңында алыс сапарға шықпағаныңыз жөн.

Арыстан

Дүйсенбі күні әбден жолыңыз болады десек қателеспейміз. Дәл қазір – керек-жарағыңызды сатып алу үшін таптырмас уақыт. Бейсенбі күні ерекше оқиға болады. Ол оқиға серігіңізбен тікелей байланысты. Демалыс күндерін табиғат аясында өткізуге арнағаныңыз жөн.

Бикеш

Алдыңыздан көп мүмкіндіктің есігі ашылса да, көп адам сізді өз мақсатына пайдалануға тырысады. Сол себепті алданып қалмаңыз. Бейсенбіге дейін барлық мәселенің шешімін табуға тырысыңыз. Әйтпесе жағдайыңыз қиындайды. Ал жұманы сүйіктіңізбен арадағы кикілжіңді шешуге арнаңыз.

Таразы

Аптаның алғашқы бөлігінде өзіңізбен мақсаттас емес жандарды өз сөзіңізге сендіріп әуре болмаңыз. Барлық ойластырғаныңызды тек өзіңіз ғана жүзеге асырасыз. Ережелерді қатаң сақтаңыз. Бейсенбі күні жұрттың жағымсыз пікіріне назар аудармаңыз. Шашыңызды бейсенбі күні қидырғаныңыз жөн. Ал демалыс күндері сізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Сарышаян

Жақындарыңыздың қолдауына ие бола алмасаңыз да, аптаның алғашқы бөлігінде отбасыңызға қатысты мәселелерді реттеуге тырысыңыз. Ары қарай күтпеген өзгерістер болады. Демалыс күндері тәніңізді қалпына келтіріңіз. Ол үшін спорт пен би көмекке келеді.

Мерген

Аптаның алғашқы бөлігінде жаңа таныстар тауып, жақсы жаңалықтар естисіз. Бейсенбі күні белсенділігіңіз ерекше артады. Алайда оның тізгінін уысыңыздан шығарып алмаңыз. Демалыс күндері жағымды әсерді аңсайсыз. Сол себепті ол уақытты кіммен бірге өткізетініңізді алдын ала шешіп алыңыз.

Тауешкі

Дүйсенбі – ақшаға қатысты қиындықтарды шешетін уақыт. Сейсенбі мен сәрсенбі күндері оқыс оқиғалар болып, жылдам шешім табуыңызға тура келеді. Ауқымды жобаға ат салысып, жаңа достарға ие боласыз. Ал демалыс күндері жұлдыздар табыстың кілтін ұсынады. Алайда осы аптада дұрыс демала алмайсыз. Жақындарыңызбен тіл табыса алмай қиналасыз. Десе де барынша сөз таластырмауға тырысқаныңыз жөн.

Суқұйғыш

Осы аптада өмір сүруге кедергі жасап жүрген ойлардан арыласыз. Алдыңызға қойған мақсаттарыңыз өзгереді. Қандай жағдай болмасын, өзіңізге жақын адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғаныңыз жөн. Бейсенбі күні жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Бұл аптада жаңа ұсыныстарды еш күмәнданбастан қабылдай беруіңізге болады. Демалыс күндері тосын сый күтіңіз. Алыс сапарда абайлап жүріңіз.

Балықтар

Бейсенбіге дейін бетегеден биік, жусаннан аласа болғаныңыз жөн. Ал бейсенбі күні бір айға арналған жоспар құрып қойыңыз. Жұма, сенбі күндері жеке өміріңізге қатысты мәселелелерді реттейсіз. Үйде әрекетсіз отыруыңыз қиындай түседі. Бұрын-соңды жасап көруге қорқып жүрген дүниелерді жүзеге асырасыз.   

Сурет:rumbur.ru