- Негізгі бет
- Жаднама
- Жұлдыз жорамал: 22.12.2014-28.12.2014...
Жұлдыз жорамал: 22.12.2014-28.12.2014
Ескі таныстарыңызды әлдеқашан ұмытып қалған болсаңыз да, оларды қайтадан еске түсіруіңізге тура келеді.
Тоқты. Барлық істі қаңтарға қалдырып, дәл қазір демалып алғаныңыз жөн. Соңғы кезде отбасы мүшелерімен жиі жанжалдасып жүрсіз. Аздаған сабырлық танытсаңыз, отбасы мүшелері қуанып қалар еді. | ||
Торпақ. Ескі таныстарыңыздың ұсынған сыйлықтарын аламын деп алданып қалмаңыз. Олар сізді жағымпаздану арқылы сынап көрмекші. | ||
Егіздер. Әр күніңізді соңғы күндей өткізіңіз. Барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз. Дипломатиялық қасиетіңіздің арқасында кез келген қиын ситуациядан оңай сытылып шығасыз. Жұлдыздар дұрыс тамақтануға кеңес береді. Әйтпесе, асқазаныңыз ауыруы мүмкін. | ||
Шаян. Тосын сыйлардың болғанынан, болмағаны жақсы. Проблемалар тізімін жазып, оларды шетінен шешкен жөн. Бірақ, бір-екеуін түзетуге әліңіз жетпеуі мүмкін. Сол кезде қиындығыңызды шешуге жақын адамдарыңыз келеді. | ||
Арыстан. Дәл қазір орын алған тыныштыққа қуанып үлгеріңіз. Сізге жағымды эмоциялар жетіспей жүр. Ешкім қуантпаса, өзіңіз мерекелік кеш ұйымдастырыңыз. Үйдің бітпейтін тірлігін шетке ысырып, дүкен аралаңыз. | ||
Бикеш. Іс тоқтап тұр. Алайда, дәл осылай болғаны сізге тек пайдасын тигізуде. Психологиялық деңгейде өзіңізді демалысқа бағыттасаңыз да, жауапкершілігіңіз кезекті демалыс алуға мүмкіндік бермей жатыр. | ||
Таразы. Соңғы кезде әбден қажып жүрсіз. Сабырға келетін уақыт та жетті. Отбасылық шаруалар, мерекеге дайындалу, махаббат - осы аптаның басты бағдарламасына айналады. | ||
Сарышаян. Өзіңізден жасы кіші шаяндардан үлгі алыңыз. Бар жауапкершілікті мойныңызға алудың қажеті жоқ. Өзгеге жасаған жақсылығыңыздың қайтатын уақыты келді. | ||
Мерген. Өміріңізді сырттан бақылап көріңіз. Себебі, алдағы аптада барлығы өздігінен жүзеге асатын болады. Болашағымды болжаймын деп бақсы, құмалақшыларға бармаңыз. Соңғы кезде ақшаны көп жұмсап жүргендіктен, оларды санап қойыңыз. | ||
Тауешкі. Аптаның барлық күнін сүйіктіңізбен бірге өткізесіз. Жалғыз жүрген тоқтылар іштей біреуді ұнатса, ешкімге тіс жармағаны жөн. Кез келген келісім-шартты қабылдаңыз. Айтпақшы, сізге жақын адамдарыңыз сыйлық ұсынады. Қатты шаршап жүрсіз. Қалыпқа келу үшін бір ұйықтап тұрудың өзі жеткілікті. | ||
Суқұйғыш. Эксперимент жасаудың қажеті жоқ. Өткен өміріңіз ребус секілді суретті жұмбаққа толы болғандықтан, нар тәуекелге барам деп бармақ тістеп қалуыңыз мүмкін. Біреу қатты ренжітсе де, кек сақтамаңыз. Әзірге қарапайым шаруалармен ғана айналысыңыз. | ||
Балықтар. Адал досты тану қиын болса да, олардың тізімін жасап, алғыс айтатын сәт келді. Жаңа жылда табысты боламын десеңіз, бұрынғы достарыңызбен қарым-қатынасыңызды қалпына келтіріңіз. |
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай